Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы халқы ең тығыз орналасқан аймаққа жатады. Облыс бойынша демографиялық өсім де, халықтың тұрмыстық деңгейі де ұдайы көтерілу үстінде.
Статистикалық мәліметтер бойынша, биылғы жылы облыстағы халық саны 2829 мың адамды құрады. Биылғы он айдағы халықтың табиғи өсуінің абсолюттік көрсеткіші 51,2 мың адамды құрады (2014 жылмен салыстырғанда 100,8%), осы кезеңнің ішінде 62,8 мың (101,2%) – туу, 11,6 мың (102,9%) – өлім-жітім тіркелген. Миграция жағынан алатын болсақ көші-қон ағыны бойынша абсолюттік ауытқу айырымы 10591 адамды (минус) құраған. Мысалы облысқа 9870 адам басқа өңірлерден көшіп келсе 20461 адам облыс аумағынан көшіп кеткен.
Осы жылғы IІ тоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, бағалау бойынша, 40392 теңгені құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,7 пайызға өссе, нақты ақшалай табыс 0,2 пайызға өсіпті. Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу бойынша
биылғы IІІ тоқсанда. Жұмыссыздық деңгейі белсенді халық санының 5% немесе 60,2 мың адамды құрады. Жұмыспен қамту органдарына жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2015жылғы қазан айының соңына 11,6 мың адамды немесе экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында 1% құрады. Осы жылғы III тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық жалақысы 84179 теңгені құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 0,5%-ға кемігенін көрсетеді. Осы тоқсанда нақты жалақы индексі 96,2% құрады.
Ал енді баға мәселесіне келсек, Оңтүстік Қазақстан облысында тауарлар мен қызмет көрсету түрлеріне баға біршама өскенмен басқа өңірлерге қарағанда көп көтеріле қойған жоқ. Статистикалық мәліметтер бойынша, тұтыну бағаларының индексі 2015 жылғы қазанда 2015 жылғы қыркүйекмен салыстырғанда 104,9% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 4%, азық-түлік емес тауарлары – 9,7%, халыққа ақылы қызмет көрсету бағасы – 0,9% өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары алдыңғы айлармен салыстырғанда 1,2% өскен.
Экономиканың нақты секторындағы жағдайға тоқталсақ, 2015 жылғы он айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 523370,1 млн теңгені құрады, бұл 2014жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 3,8% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 26,7%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таралуын бақылауда –6,8%артты, ал өңдеу өнеркәсібінде– 0,7%және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда –27,9% кеміген. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі 300401,5 млн теңгені құрады, бұл өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 1,9 пайызға артқанын көрсетеді. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 169727,3 млн теңгені, мал шаруашылығы 129613,9 млн теңгені, қызмет көлемі – 1060,3 млн теңгені құрады.
Қаржы жүйесі бойынша, облыс бюджетінің табыстары 357648,1 млн теңгені, шығындары 344136 млн теңгені, бюджет профициті – 4373,8 млн теңгені құрады.