АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Темірлан АЛМАС.ШЫМКЕНТ – ТУРИЗМ ҚАҚПАСЫ

Шымкентте «9b8ea7087f7cadb311a58c2977547292_XLОңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының туристік әлеуетін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шараны «Шырайлы Шымкент. Жаңаша ойлау – жаңа мүмкіндіктер» ұранын ұстанатын Шымкенттегі «Ұлы Дала» бастамашыл тобы ұйымдастырды.

Бүгінде аймақтық экономиканың қозғаушы күшін қалыптастыруда салмақты компоненттердің бірі – ішкі және сыртқы туризм. Еуропаның дамыған елдерінің көбісі осы мүмкіндікті өз пайдасына жаратуда. Оңтүстік Қазақстан облысында ондай географиялық жағдай бар. Алдағы уақытта оны дамытуға да әлеуеті жетеді. Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты – Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтің ағымдағы жылдың 30 қарашасында жасаған кезекті Жолдауымен және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен, «Нұрлы жол» бағдарламасымен танысып, Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасы аясында Шымкент қаласының туристік әлеуетін арттыру болып табылады. Жиында «Қазақстан – 2030» қозғалысы кеңесінің төрағасы, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі Данат Жумин, облыстық «Южный Казакстан» қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары Кеңес Смайлов өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты. Басқосу барысында брендтер «шоқжұлдызы» ретінде Оңтүстік-Қазақстан облысының туристік кластерін брендтеу туралы әңгіме қозғалды. Ол үшін, өңірдің туристік «қақпасы» ретінде Шымкент қаласы орталық болуы керек. Облыстағы негізгі туристік орындар бір-бірімен өзара байланыста болып, Шымкент арқылы Сарыағаш, Түркістан, Отырар, Қазығұртқа жалғасатын Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қала туристік дәлізін қалыптастыру керек деген пікірлер айтылды.

Бұл салада туристік кластерді дамытудағы проблемалардың бірі – инфрақұрылым мәселесі. Бұл бағытта оңтүстік өңірге келетін туристтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, маршруттық жолдар мен басқа да коммуникацияларды салу, туристік маршруттардың жолына белгілер орнату, санитарлық тазарту, айналаны абаттандыру сияқты бірқатар жобалар әзірленуде. Жиынға қатысушылар Шымкенттің еліміздегі ірі туристік орталық болуы үшін аэропорт пен сапаржайларды дамыту мәселесіне, оның ішінде, қызмет көрсету сапасына ғана емес, келушілердің үлкен легін қабылдау мүмкіндігін кеңейтуге де дұрыс көңіл бөлу керектігін айтып өтті.

Өзгелерден ерекшелігі, «Шымкент – жылы қала», «Қазақстанның аспаздық қаласы», «бау-бақшалы қала», «Шымкент – ең қонақжай қала». Алайда, көпшіліктің санасында жаңғырып жатқан «шымкенттіктер» деген ұғымға жаңаша көзқарас қалыптастырып, туристтер легін тартуға бағытталған кешенді маркетингтік бағдарламаны әзірлеу және жүзеге асыру қажет. Басқа облыс пен қалаға Шымкенттің брендін тасымалдаушылар – Оңтүстік тұрғындары. «Ол үшін маркетингтік бағдарлама аясында облыстағы аңыздар мен мифтерді жинап, өңдеп, түрлі жарнамалық науқандар ұйымдастыру және тақырыптық фестивальдар мен азаматтық акциялар өткізу керек», – дейді ұйымдастыру алқасы.