АЛТЫНОРДА
Новости Шымкента

Темірлан АЛМАС.ВАКЦИНАЦИЯ АСҚЫНУЛАР МЕН РЕАКЦИЯ БЕРГЕН ЖОҚ

f2ba1d15a7ea4111a9527671821906efРеспублика бойынша балалардың жұқпалы қызылша аурына шалдығу көрсеткіші төмендемей тұр. Соған байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында балаларды қызылшы ауруына қарсы қосымша егу жұмыстары басталды. Бұл вакцинация 15-19 жас аралығындағы, жасына сай жоспарлы егуі  болуына  қарамастан биылғы жылдың ақпан айындағы жүргізілген қосымша иммунизациялау кезіндегі егуді алмаған жасөспірімдерге жүргізіледі.

Қосымша иммунизация жүргізу қажеттілігі Оңтүстік Қазақстан облысында ғана емес, республиканың барлық аумақтарында қызылша ауруының басылмай, жиі тіркелуінен туындап отыр. Биылғы жылдың он айында облыс бойынша 251 бала қызылшамен ауырған. Жалпы бұл аурумен ауырған тұрғындар арасындағы 15 жастан жоғары жастағылар арасында  (қызылшамен ауырғандардың 66,9 %) және егу жасына жетпеген 1 жасқа дейінгі балалар арасында (24,7 %) құрап отыр екен. Вакцинация облыстың  барлық аудандары мен қалаларының 1172 (медициналық) егу пунктерінде (медицина мекемелерінде, мектептерде, жоғары және орта білім беру орындарында) жүргізіледі. Облыстағы иммунитетті көтеру шараларын арнайы білімдері бар 2344 медицина қызметкері, соның ішінде 1172 вакцинатор жүргізеді.

Қызылшамен ауырған адамның дене қызуы көтеріледі, басы ауырып, денесіне бөртпелер шығады, жөтелді пайда болады. Бұл осындай сипатталатын вирусты жұқпалы ауру. Қызылша вирусы айналаға өте тез тарап, адамнан адаға тез жұғады, яғни қызылша аурған адаммен қарым-қатынаста болған қызылшаға қарсы егілмеген адамдардың барлығы ауырады. Дәрігерлер қызылшамен ауырғаннан кейін туындайтын асқынулар көзге әсер етіп, соқырлық соқтыруы мүмкін, құлақтың қабынуы (отит),  ал пневмония, энцефалит өлім жағдайына дейін алып келуі мүмкін. Қызылша ауыруына шалдыққан 500 науқастың ішінен 1 жағдай өліммен аяқталады. Сондықтан қызылшадан қорғайтын ең тиімді тәсіл – ол вакцинация.

— Қызылша вирусы ауру адамнан сау адамға сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде мұрыннан немесе жұтқыншақтан бөлінген сұйықтықтан тарайды, осылайша тікелей немесе жанама қатынас арқылы сау адамға жұғады.  Қызылшамен ауырған науқас қоршаған ортадағыларға бөртпе пайда болғанға дейінгі алғашқы 4 және бөртпе пайда болғаннан кейінгі 4 күн аралығында қауіпті. Ауру белгілері жұқтырғаннан кейінгі 7-18 күн аралығында байқалады. Қызылшадан сақтанудың бірден бір жолы вакцинация. Қызылшаға қарсы жоспарлы егу 1 және 6 жаста жүргізіледі. Бұл жұқпалы аурудың жоғары тіркелуі және бұрқаулары тіркелуіне байланысты  эпидемиологиялық көрсеткішке сай қызылшаға қарсы қосымша  иммунизация жүргізіледі, — дейді дәрігер М.Ахметов.

Облыстық денсаулық сақтау басқарамасының мәлімдеуінше, биылғы жылдың 1 қазанына дейін 61871 жасөспірімді егуге аа-аналардың келісімі алынған екен, ал егуден бас тартқандардың саны 6330 адамды құраған. Егуден бас тартқандармен барлық мектептерде, жоғарғы және орта білім орындарында ата-аналармен және студенттермен кездесулер арқылы егудің маңыздылығы бойынша түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізілуде, соның нәтижесімен алғашқы пікірлерін өзгертіп, келісімін беріп отырғандарда көбейуде, 6330 бас тарқандардың саны 3781-ге азайған.  Осылайша қазан айының ортасына дейін облыс бойынша 59462 жасөспірім вакцинация жасалып, егілгендердің саны 87,2% құрап отыр. Егуден кейінгі асқынулар мен реакциялар тіркелген жоқ, деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.