АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Теміртауда «Алтын белгі» таратылды

КарагандаҰБТ-дан сүрінбей өтіп, білімдерін толық дәлелдей алған қарағандылық түлектерге осы аптада «Алтын белгі» табысталды. Үздіктерді марапаттау рәсімі Теміртауда Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің Тарихи-мәдени орталығында облыс басшысы Бауыржан Әбдішевтің қатысуымен өтті.

 Қарағанды облысында биылғы жылы бес жарым мыңға жуық оқушы ҰБТ тапсырса, солардың 74-і «Алтын белгі» иеленіп отыр. Облыс бойынша ең жоғары балды дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің түлегі Алуа Махметова алған-ды. Ол 123 балл иеленді.

Аймақ басшысы Қарағанды облысының білім саласындағы жетістіктеріне тоқтала келе, түлектерге «Алтын белгіні» табыстады.

— Сендер қазір аса маңызды қадам жасағалы тұрсыңдар. Таңдап алған мамандықтарыңды жеті меңгеріп, нағыз бәсекеге қабілетті, білікті маман болуларыңа, Қазақстанның дамуына өз үлестеріңді қосуларыңа тілектеспін, — деді облыс басшысы.

Бүгінде Қарағанды облысында дарынды балаларға арналған 7 мектеп-интернет, 40-тан астам лицей, гимназия бар. Бұған қоса қаңтар айында облыс орталығында Назарбаев интеллектуалдық мектебі ашылған болатын.

Облыстық білім басқармасы мамандарының мәліметінше, осы оқу жылында аймақ мектептерінің оқушылары республикалық, халықаралық олимпиадалар мен байқауларда 42 медаль иеленген.

Теміртаудағы салтанатты жиында түлектерге «Алтын белгімен» бірге «Нұрсұлтан Назарбаев. Биография» кітабы мен планшет сыйға тартылды.

Осынау рәсім арасында білім үздіктерін Мемлекет басшысының үзеңгілес замандастары

Нина Вахитова мен Қуаныш Омашев құттықтап, ақжарма тілегін жолдады.

Қ.Жұмағалиұлы

Қарағанды