АЛТЫНОРДА
Новости

Теңіз тасбақалары құрып кетудің алдында тұр

Алдағы 20 жыл ішінде теңіз тасбақалары Жер бетінен мүлдем жойылып кетуі мүмкін. АҚШ зерттеушілері қабыршақты тасбақалар санының 78%-ға азайып кеткенін анықтады.

ВВС-тің хабарлауынша, теңіз тасбақалары соңғы 100 млн жылдан астам уақыт бойы тіршілік етіп келеді. Олар ди­но­заврлар дәуірін бастан өт­керді. Бірақ қазіргі мезгілде Chelonioidea тұқымына жататын бұл тасбақалар әбден құрып бара жатыр. Алабама университетінің ғалымдары олардың тұқымын қайта тірілтудің мүмкін емес екенін айтады. Қабыршақты тасбақалардың ұзын­дығы екі метрге жетеді. Су жануары Жер шарының барлық тропи­калық теңіздерін мекен етеді. Ал олардың жұмыртқа салатын аума­ғы – Тынық мұхитының АҚШ пен Индонезия аралығы.

 

http://alashainasy.kz