АЛТЫНОРДА
Новости

ТЕРРОРИСТІК ҚЫЗМЕТТІ КІМ ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ?

2013 жылы қаржы полициясы органдары радикалды діни ағымдардың өкілдеріне және олармен сыбайлас тұлғаларға қатысты экономикалық және қаржылық қылмыстарды жасау фактілері бойынша 81 қылмыстық іс қозғады, олардың 50-і қарау үшін сотқа жолданды.
Оған қоса, аталған кезеңде терроризм мен экстремизмді қаржыландыру фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Бұл жұмыс ағымдағы жылы жандана түсті. Мәселен, 2014 жылғы 16  қаңтарда Қарағанды облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті 2012-2013 жылдары жалпы мөлшері 600 мыңнан астам теңгені шетелге аудару арқылы террористік қызметті қаржыландырған 3 азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады.
31 қаңтарда Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті Ж. Деген азаматқа қатысты терроризмді қаржыландыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оған банктік аударым арқылы 2 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатты шетелге жіберу жоылмен халықаралық террористік ұйымды қаржыландырды деген күдік тағылуда. Қылмыстық істер тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты дарияланбайды.

 

Дуанабай Жолдасбек