АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Тойтарыс қай түрде болады?

скачанные файлы (1)Ресейдiң “белгiлi бек­би­кесi” Владимир Жириновский “Говорит Москва” радиосына берген сұхбатында былай дедi: “Ыстамбұлды жер бетi­нен жоқ қылып жiберу оп-оңай. Ядролық бомбаны ең әуелi бұғазға тастау керек, содан су деңгейi 10–15 метрге дейiн көтерiледi де, 9 миллион тұрғыны бар Ыстамбұлды әп-сәтте шайып кетедi”.

Бұл бұл ма, Жириновский Түркияны тап бiр өз қолымен жасап алғандай-ақ: “Ядролық қарумен бұл елдi жермен-жексен етiп, жойып жiберу керек” дедi. Әрине, Түркия В.Жириновский не айтса да көнiп, көрмегенсiп, естiме­генсiп отыра беретiн Қазақстан емес, саясаткер­дiң шатақ, бейпiл әрi қорлықты сөзiне тойтарыс беруге тиiс. Тойтарыс қай түрде болады? Мiне, мәселе де осында.
 
Ә.Нұртайұлы.

zhasalash.kz