[:kz]
Көп балалы аналарға шұғыл тілмаш керек. «Әйтпесе шаруамыздың бітер түрі жоқ» дейді олар. Ақтөбеде атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш қалдыруға барған келіншектер осындай проблемаға тап болған. Мекемеде қазақ тіліндегі бланкаларыңдың болмауынан көпшілігі оны толтыру кезінде ресми тілдегі сөздерді түсінбей, қиналған екен.
Балаларына әлеуметтік көмек алуға ниеттенгендер кездескен кедергі мұнымен бітпейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Ақтөбеде атаулы әлеуметтік көмекке өтініш қалдыруға барған көпбалалы аналар жанымызға тілмаш ертпесек, шаруамыз бітетін емес деп шағымдануда. Өйткені құзырлы мекемедегілер толтыр деп берген «Отбасына арналған әлеуметтік карта» тек ресми тілде болып шыққан.әлеуметтік көмекндегісін сұрағанмен, таппадық деп отыр. Енді әрең дегенде толтырған құжатымыз діттеген жерге жетпей, көмектен қағылып қаламыз ба деп алаңдаулы. Тақырыпты Ақбаян Сұлтанмұратова жалғастырады.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұрт ығы-жығы. Мекемедегілер қайта бұл саябырсығаны деп отыр. Екі күннің ішінде мыңнан астам адамға кеңес беріп, 882 адамның құжаттарын қабылдаған. Қала бойынша дәл осындай 6 пункт жұмыс істеп тұр. Бірақ, соның өзінде халық таңғы сегізден бастап кезекке тұрған.
«Бір удостоверениемен келеміз пәлен қағаз толтырамыз. Ертең осыны қабылдай ма, қабылдамай ма? Қабылдамаса тағы бір-екі документке жұмсайды ғой. Жүріп-тұрудың өзіне ақша кетеді», — деді жалғызбасты ана Нұрсәуле Дүйсенбекова.
Нұрсәуле Дүйсенбекова — жалғызбасты көпбалалы ана. Ересек екі баласын аяқтандырған. Ең кіші үш жасқа енді толыпты. Алайда, отбасын асырау үшін жұмысқа шығып кетіпті. Басында баспанасы болмағаннан кейін тапқан-таянғанының жартысынан көбісі пәтерақыға кететінін айтады.
«Зарплата айына 45 мыңнан шығады. Сол 45 мыңды доходқа үш адамға бөлгенде асып кетіп тұр деді. 16 мың бірдеңеден болып тұр дейді. Енді 21 мыңға жазып жатырмыз. Жұмыс жасамай тағы отыра алмаймыз. Комуслуга бар, квартирада тұрам», — деді жалғызбасты көпбалалы ана Нұрсәуле Дүйсенбекова.
Сабылған жұрттың сан сауалы бар. Бала жетектеп, жұмыстан сұранып келгендер білмегенін бір-бірінен сұрап, хал-қадерінше анықтаманы толтырып әлек. Араларында тапсырған құжаттарының комиссияда қаралатынына алаңдайтындары да табылды.
«Мына документтерді тапсырып жатырмыз біздер. Мына екеуі екі бөлек нәрсе. Біреуі- қазақша, біреуі- орысша. Мында орысшасы, ал мында керісінше қазақшасы жоқ. Адамдар түсінбей жатыр, мысалы өзге ұлт өкілдері бар. Кеше қазақ апай келіп отыр, мен орысша түсінбеймін, келінімді әкеліп отырмын дейді. Неге жоқ десең, осылай берді дейді ана жердегілер», — деді көпбалалы ана Әйгерім Оразғалиева.
Алайда, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегілер алаңдауға себеп жоқ деп жұбатып отыр. Әрбір тапсырылған арызды базаға енгізетіндерін жеткізді. Артынша атаулы әлеуметтік көмек тиесілі ме, жоқ па әрбір адамға смс-хабарлама жіберіледі деді.
«Біз деген әлі нормативтер жоқ, сондықтан біз тек қана заявления қабылдап жатырмыз. Начисление автоматты түрде болады. Бүкілін интегрированная базадан аламыз деп жатыр ғой. 3 сәуірде де, 30 сәуірде тапсырса да, бірінші сәуірден бастап бәрі төлемдерін алады», — дейді калалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының орынбасары Гүлмира Сүлейменова.
Атаулы әлеуметтік көмек бірінші кезекте мұқтаж жандарға беріледі. Ол үшін отбасының табысы да ескерілетін болады. Кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен отбасыларға берілетін көмек мөлшері 20 789 теңге деп бекітілген.
Stan.kz
[:]