Бірнеше маусым бойы сәнқой қыздар теңіз стиліне ерекше көңіл бөлуде. Ала киімдер, зәкір принті, көк және ақ түстері, арқан жіптері, теңізшілердің қалпақтары сынды элементтер жазғы гардеробты түрлендіріп, сізді көпшіліктің арасынан ерекшелейді.
Теңіз стилінің тарихы
Теңіз стилі XIX ғасырда Ұлыбританияда бастау алған деп саналады. Осы кезде Ұлыбританияның теңіз флоты өте танымал болатын. Соларға еліктеп, ағылшындар теңізшілердің киім элементтерін өз гардеробына кіргізе бастады. Ханшайым мен ханзадалар осы трендті жақтап, көпшілікке танымал қылды. Ауқатты кісілер мен бай ағылшындардан бастау алған тренд қазірде сәнді қыздардың гардеробынан орын тапты.
Еуропада бұл стильді жақтағандардың бірі әйгілі Коко Шанель болды. Ол 1913 жылы Довиль атты курортты қалашықта демалысқа арналған киімдер дүкенін ашқан еді. Ол жағажайда серуендер үшін трикотаж белдемшесін, ала жейде мен әдемі қалпақты ұсынған. Осындай заттардың қарапайымдылығы мен ерекшілігі сәнқой қыздардың жүрегін жаулады.
Сән тарихында дизайнерлер осындай теңіз стиліне бір емес, бірнеше рет жүгінген. 1891 жылы Вивьен Вествуд-тың «Pirates» топтамасы, 2009 жылы D&G мен Diesel-дің киімдері барған сайын батыл, ерекше болды. Қазірде теңіз стилі жаздағы ең сәнді трендертің бірі екені әр сәнқой аруға белгілі.
Теңіз стилінің ерекшеліктері
Теңіз стилі дегенде ойға ең біріншіден көк-ақ ала түстер келеді. Декор ретінде зікірдің суреті көп кездеседі. Алтынмен жаланғандай түймелер, арқан сияқты баулар да осы стильдің элементтері.
Осы стильдегі киімдердің барлығы жеңіл, жазғы маталардан тігіледі. Пішін жағынан түрлілік байқалады.
Теңіз стиліндегі киіммен ашық жеңіл аяқ киімдер, ашық түсті балеткалар жарасады. Бейнені аяқтау үшін, кішкентай зікір пішіндерімен сәнделген сырға, моншақ тағуға болады.
Металл түймелер, матрос қалпағы, үлкен көзілдіріктер де сіздің бейнеңізді осы стильге барынша жақындатады.
Көк-ақ түсті киімдермен ақ, қара, қызыл түсті киімдер өте жарасады. Алайда көк-ақ түстерінен жалыққан болсаңыз, дизайнерлердің кеңесімен бұл стильде қызыл, қара, сары, қызғылт түстерін қолданып көріңіз.
Теңіз стиліндегі киімді қалай киемін?
Бұл стильдегі киімдер өзінің әмбебаптылығымен ерекшеленеді. Оларды жағажайдағы демалыста да, қалада да, тіпті жұмысқа да үйлестіріп киюге болады.
Қарапайым заттарды теңіз стиліне үйлестіру үшін мысалға, қара көк не қызыл түсті пиджакқа зікір түйреуішін қыстырыңыз. Ал осы стильге келетін шалбар таңдағанда оның балағына көңіл бөліңіз. Теңіз стиліндегі шалбарлардың балағы кеңейтілген болады.
Теңіз стилін тіпті салтанатты отырыстарға киіп баруға болады. Дизайнерлердің топтамаларындағы ала түсті салтанатты ұзын көйлектер осыған дәлел.
Қызғалдақ, трапеция пішінді мен плиссирленген матадан тігілген теңіз стиліндегі белдемшелер де өте сәнді. Белдіктің орнына арқан сияқты белбеу қолдануға болады.
Ала түсті аяқ киімдер де жарқын, жеңіл, жаз үшін мінсіз нұсқа. Теңіз стилімен сондай-ақ бір түсті лакталған туфли де жарасады. Үлкен маталы сөмке бейнеңізді толықтырады.
Теңіз стиліндегі су киімі демалысқа аттанған әр қызда болуға тиісті зат. Асты көк үсті ақ, не екеуі де ала түрлерінің арасынан өзіңізге жарасатынын таңдаңыз.
Кеңседе жұмыс істейтін арулар қара-көк белдемше мен аппақ жейде киюге болады. Бірнеше аксессуарлармен бейнеңізді «жеңілдетіп» теңіз трендіне жақындатуға болады.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: look.tm