АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ТҮЛКІБАСТА ЖЕМІС-ЖИДЕК ШЫРЫНЫ ШЫҒАРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

foto7Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков жұмыс сапарымен Түлкібас ауданына барып, бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты. Облыс әкімінің орынбасары алдымен Түлкібас поселкесіндегі «Бәйтерек-4» көкініс концервілеу және өндеу бойынша өндіріс базасында болды. Жылына 1,5 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы бұл кәсіпорын «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылып отыр. Мұнда 35 адам жұмыспен қамтылатын болады. Сондай-ақ, С.Қаныбеков Керейт ауылындағы «Арсен Ас» ЖШС-нің жеміс-жидек концентраттарын және табиғи сусындар шығаратын цехтың жұмысымен танысты. Жобаның жалпы құны 600 млн.теңге. Оның ішінде 120 млн. теңгесі өз қаржысы болса, 480 млн. теңгесін АИО «Максимум» шағын несие орталығы қаржыландырып отыр. Кәсіпорын өз жұмысын бастағанда қырыққа жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады. Сапары барысында өңір басшысының орынбасары Кершетас ауылындағы ауыз су жүйесінің құрылысы мен Жабағылы ауылындағы «Арғымақ», «Руслан» туристік демалыс базаларындағы газ құбырын өткізу құрылысын аралады. Аталған құрылыс жұмыстары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарды бағамдаған облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков аудан басшысына құрылыстың сапалы жүргізілуін қадағалауды тапсырып, сала мамандарына бірқатар жұмыстарды міндеттеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі