АЛТЫНОРДА
Новости

Түнтековке қолдау көрсету — пиар акция — Жомарт Сүлейменов

АЛМАТЫ. 11 ақпан. Baq.kz — Өткен жылдың желтоқсан айының 28 күні Алматыда болған көлік апатына айыпты деп танылып, 40 тәулікке қамауға алынған Қайрат Түнтековті рухани әрі қаржылай қолдау мақсатында өтетін концертті қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің барлығы қолдап отыр деп айтуға болмас. Мәселен, продюсер Жомарт Сүлейменов 19 ақпанға жоспарланып отырған концертті таза пиар-акция деген пікірде.

«Бұл концертті ұйымдастырудағы мақсатты түсінбей-ақ қойдым. Өз басым Қайратты жақсы танимын, төрт мүшесі түгел, ақылды жігіт. Үлкен шу шығаратындай дәнеңе жоқ. Қолымен жасағанын, мойныменкөтеруі тиіс. Көмекке мұқтаж болатын зейнеткер емес қой..», — дейді продюсер.
Сүлейменовтің пікірінше, концерт ұйымдастырушылар коммерциялық мақсатты, яғни, Ерлан Көкеевтің «Ретро Шлягер» клубына пиар жасауды көздеп отыр.
Алайда,  Көкеевтің өзі бұл қауесеттерді жоққа шығаруда. Ол клубына ешқандай пиар-акцияның қажет емес екенін, 1985 жылдан бері сахнаға шыққан, қазір X-Factor  мегажобасының  қазылар алқасында отырған ол өзін пиарды қажетсінетін тұлға деп есептемейді.
Қазақстандық шоу-бизнесті үлкен бір отбасына теңеген ол: «Отбасы мүшелері бір-біріне әрдайым қолдау көрсетіп отыруы қажет» дейді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматылық Назира Есенаманова қаланың Сүйінбай көшесімен әуежайды бетке алып кетіп бара жатқанда оң қапталынан Қ.Түнтеков көлігімен соғады. Көлігі бағанға соғылып, жол шетіндегі арыққа аударылған Есенаманова айтарлықтай зардап шеккен. Миы шайқалып, жарақат алған ол ауруханаға жеткізіледі. Ал көлігі жөндеуге келместей болып бүлінген.
Тексеріс кезінде Түнтековтың жүргізуші куәлігі мен сенімхаты болмай, ал сақтандыру полисі тіпті қолдан жасалған болып шықты.

http://baq.kz/news/23136