Түркіменстанның студенттеріне автокөлік жүргізуге тыйым салынуда, деп хабарлады «Росбалт» агенттігі. Жоғарғы оқу орындарының студенттері оқуларын аяқтамағанша автокөлікке отырмайтындығы туралы жазбаша түрде міндеттеме береді.
Аталмыш құжаттың аударылған мәтінінде былай делінген. «Егер оқу, демалыс кезінде автокөлікті жүргізсем немесе мен көлікті басқаруға отырған басқа бір студенттің қасында болсам, онда мені оқудан шығарып жіберуге келісімімді беремін».
Жергілікті бұқаралық ақпарат қызметтері көлік айдауға тыйым салуды соңғы кездері сдуденттердің қатысуымен жиілеп кеткен жол-көлік оқиғаларымен түсіндіреді. Бұл орайда Түрікменстанның ректораттары өзі де азғантай ғана студенттердің құқықтарын одан әрі қысқартумен әлек болуда, деп хабарлайды «Хроники Туркменистана» порталы.
Бұл хабар қай ақпарат көздерінен алынғаны тағы беймәлім. Онымен қатар, өзіне мұндай міндеттемелерді алудан бас тартатын студенттерге оқу орнының әкімшілігі қандай шара қолданылатыны тағы белгісіз.
Бірнеше жыл бұрын хабарланғанындай, бұл елдің студенттеріне оқы орнына жекеменшік автокөлікпен сабаққа келуге тыйым салынған болатын. Демалыс алдында бірнеше жоғарғы оқу орындарының басшылары студенттерден «ата-анасы мен басқа да туған-туыстарының автокөліктерін айдамау» және «спирт ішімдіктерін пайдаланбау, дискотекаларға бармау, күдікті шараларға қатыспау» туралы жазбаша міндеттеме алынғаны белгілі.
Рауан Есқали.
http://www.egemen.kz/2013/02/19/360122/