АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ТҮРКІСТАНДА БАЛАБАҚША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

 

ТҮРКІСТАНДА БАЛАБАҚША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
ТҮРКІСТАНДА БАЛАБАҚША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік нысандарды беру жалғасуда. Халықтың игілігіне қажетті балабақша мәселесі мемлекет қаржысына ғана емес, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер тарапынан да қолдау тауып отыр. Бүгін Түркістан қаласының, Жүйнек ауылдық округінде жаңа балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Сыйымдылығын арттыру мақсатында кәсіпкер жеке қаржысына балабақшаны күрделі жөндеуден өткізіп, жанынан қосымша ғимарат салды. Аталған орталық заманауи үлгіде жабдықталған.  Оның берері сөзсіз дейді бүгінгі балабақшаның ашылу салтанатты шарасына қатысушалар. Жаңа заманға сай, әрі сапалы болуы болашақ ұрпақ тәрбиесіне оң әсерін Мекемеде 3 және 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер 6 топта тәрбие алады. Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан қаласы аумағында мектепке дейінгі 54 шағын орталық пен 45 балабақша жұмыс істейді. Оның ішінде он бесі жекеменшік. Соңғы бес жылдың ішінде Түркістан қаласының білім саласын қаржыландыру 51 пайызға артса, осы жылы 2 мектеп пен 2 балабақшаның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Тәуелсіздік күні қарсаңында киелі шаһарда 120 орындық жекеменшік балабақша пайдалануға берілмек. «Өңірлерді дамыту- 2020» бағдарламасы аясында да  осындай игі істердің атқарылып жатқанын айта кеткен жөн.

http://zhebe.com/