АЛТЫНОРДА
Новости

Түркияда полиция шеруді күшпен таратты

Наразылық шерулері кезінде зардап шеккен демонстранттар. Таксим алаңы, Стамбул, 31 мамыр 2014 жыл.Түркия полициясы Анкарада 1 маусым күні, осы қала мен Стамбулдағы жаппай тәртіпсіздіктерден бір күннен кейін жүздеген демонстрантты тарату үшін тағы да су мен көзден жас ағызатын газ шашты.

Полиция бұдан бір жыл бұрын наразылық акциясы кезінде полиция оғынан жасөспірім қаза тапқан жерген жиналмақ болған 500-ге тарта адамды қуып таратты.

31 мамыр күні полиция биліктің Таксим алаңында демонстрациялар өткізуге рұқсат бермей қойғанын елемеген наразылық танытушалырға қарсы су мен көзден жас ағызатын газ шашқан еді. Бұл күні Стамбулға шамамен 25 мыңға тарта полиция әкелінген.

Анкарада да полиция мен демонстранттар арасында қақтығыс болды.

Былтыр үкіметке қарсы жаппай наразылық шерулері осы Таксим алаңында болған еді.

http://www.azattyq.org/content/news/25406513.html