АЛТЫНОРДА
Интервью

ТҮРМЕ РЕФОРМАСЫ: ҮМІТ ЖӘНЕ КҮДІК

Еримбетов С.С.-фотоЕртең Астанада «Ресоциализация: сен қоғамға керексің! Ты нужен обществу» деген тақырыпта түрме реформасының III-ші форумы өтеді. Осы республикалық жиынның алдында Бас прокуратураның Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Серікбай ЕРІМБЕТОВТІ әңгімеге тартқан едік.

 

– Серікбай Садықұлы, Бас прокуратура түрме реформасына қатысты  осымен үшінші рет  үлкен жиын өткізеді. Түрме реформасы дегеніміз не және бұл шараның статусы қандай?  

– Егемендік алған алғашқы күннен бастап Қазақстан Ата Заңында ең қымбат қазына деп – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтарын таныды және декларациялады. Елбасының басшылығымен қазіргі заман  тарихының барлық кезеңінде Қазақстанмен осы демократиялық құндылықтардың, оның ішінде қылмыстық және қылмыстық-атқару жүйесі саласын қорғау және кепілі болуда  бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылды. Қазіргі кезде біздің еліміз адам құқын қорғау саласында барлық халықаралық маңызды актілердің белсенді қатысушысы болып табылады. Осы бағыттың жалғасы 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саяси концепция болып отыр. Осыған байланысты қылмыстық саланы ізгілендіру және қуғындауды азайту, Елбасымен қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес құқықтық шараларды кеңінен қолдануға жағдай жасау жайлы мәселелерді шешу  тапсырылды. 2012 жылы желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында отандық қылмыстық сот ісін жүргізуді дамытудың негізгі жолдары айқындалды. Үкіметке қылмыстық, қылмыстық — процессуалдық және қылмыстық-атқару заңнамаларын реформалау жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Сол кезде бізде «Түрме орнына — пробация және электронды білезік» атты бірінші форум өткізу идеясы туындады, сөйтіп 2013 жылы I түрме Форумын өткіздік. Оның ұйымдастырушылары – ЕЫҚҰ, Европалық Одақтың өкілдігі, Нидерланд елшілігі, Орталық Азияның халықаралық түрме реформасы (PRI) кеңсесі, Германиялық халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры сияқты адам құқықтары жөніндегі халықаралық институттар болды. Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты тұлғалары, Парламент депутаттары, Жоғарғы Сот басшылары, ІІМ, ҚПА, сондай-ақ ғалымдар, әртүрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және шетелді сарапшыларды қосқанда Форумға 250-ден астам адам қатысты. Форум аясында біздің «түрме халқын азайтудың 10 шарасы» және оны кезең-кезеңмен жүзеге асыруды жоспарлау жобасының тұсауы кесілді. 2017 жылы Қазақстанды түрме индексі бойынша 50 көшбасшы елдің қатарынан шығару мақсатын айқындадық. Сол кезде 2013 жылдың аяғында біз халықаралық түрме рейтингі бойынша 35-ші орында тұрақтадық, колонияларда 49 мыңнан астам сотталғандар ұсталынды. 

Содан бері екі жыл өтті. Форумның және Сіздердің жаңа бастамаларыңыздың нәтижелері қандай болды?

 Осы қысқа мерзімде біз мынандай ілгерілеуге қол жеткіздік:

1) жаңа Қылмыстық кодексте жазалау 30% пайызға азайтылды  (2013 жыл әзірленді, 2014 жыл қабылданды, 2015 жылы 1 қаңтарды қолданысқа енді);

2) соттар баламалы жазаларды кеңінен қолдана бастады — еліміздің тарихында алғаш рет бас бостандығына айырудың үлесі соңғы 2 жылда 40-тан 24 пайызға төмендеді;

3) басым жаза бас бостандығын шектеу болды — ол 30% жағдайда;

4) түрме халқы 2 жылда 20-дан 49 пайызға, 40 мыңға дейін азайды;

5) осы себеп бойынша 3 500 орындық 4 колония жабылды;

6) түрме халқының санын 2 жыл бойы азайту есебінен бюджет әр жылға 12 млрд үнемдейді. 

Ең бастысы, әлемдік рейтингте біз 20 позицияға, 35-тен 55-ші орынға көтерілдік.

– Серікбай Садықұлы, осы жерде мынандай заңды сұрақ туындайды: сотталғандарды түрмелерден мұндай мөлшерде бірден босату республика тұрғындары мен қоғам қауіпсіздігіне әсерін тигізбейді ме? Мысалға 1953 жылғы амнистияны келтіруге болады…

– Қисынды сұрақ. Бұл негізгі мәселе және біздің барлық концепциямызға кедергі болып тұрған «тас». Сондықтан бұл жағын анықтап айта кетейін, біздің жұмысымыздың мақсаты түрмеде ұсталатындардың санын азайту емес. Бұл қауіпсіз әрекеттер бойынша жүзеге асырылады. Азаматтардың қорғалу деңгейі бұдан әлсіремейді. Мысалы, 2013 жылмен салыстырғанда биылғы жылы түрмеден мерзімінен бұрын шартты түрде немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырып босатылған және бас бостандығынан айырумен байланысты емес сотталғандармен жасалған қылмыстардың саны 33 пайызға азайды. Сізге белгілі, бұрын ізгілендірудің негізгі механизмі сотталғандардың санын реттейтін Рақымшылық заңы болатын, онда сотталғандар бостандыққа топ-тобымен қылмыстың ауырлық белгілері, жынысы және жасының жалпы белгілері бойынша жіберілді. Тәуелсіздік алған 20 жылдан астам мерзімде біздің елімізде 8 мәрте Рақымшылық заңы жарияланды, ең соңғысы 2011 жылы болды. Біз сотталғандар мен қамалғандарға ізгілендіру шараларына ұтыс тіктік. Алдымен іске асырылғаны мерзімінен бұрын шартты түрде және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру, бас бостандығынан айыруға байланысты емес институттар. Бұл бізге оң нәтиже береді. Бұл сотталғандарды бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезінде тек заңға бағыну тәртібіне емес, жаза өтеуден босағаннан кейін түзелуге ынталандырады.

– Сотталған адамның оқшаулау орындарында өзін тәртіпті ұстауы және түзелуге  ниеттенуіне қарап ол қайталап қылмыс жасамайды деп айтуға бола ма?

Бұл да бізді ойландыратын сұрақ. Түрмеге негізінен білім ала алмаған, жұмыс таба алмаған және өз өмірлерін қалыптастыра алмаған жұмыссыз адамдар түседі. Жалпы айтқанда бұл оларды қылмыс жасауға итермелейді. Бас бостандығынан айыру орындарында ұзақ уақыт болған адам қоғамдағы дағдылы өмірден қол үзіп, масылдыққа үйреніп алады Түрмеде олар дайын нәрсеге сүйеніп өмір сүреді. Бостандыққа шыққанда мамандығы, жұмыс тәжірибесі жоқ сотталған жұмыссыздар санын көбейтіп, қайталап қылмыс жасайды, сөйтіп үйреншікті ортаға оралады.

– Оның алдын алу үшін не істеу керек?

Бұл ахуалды мәселені біз түрме реформасының І-ші форумына дайындық кезінде көріп, оның шешімін өзіміздің «Колониялардағыларды жұмыспен қамту — 2017» атты екінші жобада көтердік. Былтырғы жылы желтоқсанда оның тұсау кесерін жасадық. Оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы, Конституциялық Кеңестің төрағасы, Омбудсмен қатысты. Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент фракциялары мен комитеттерінің басшылары, Жоғарғы Сот, барлық орталық мемлекеттік органдар, белгілі ғалымдар, ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар және шет ел сарапшылары шақырылды. Байқаушы ретінде форумға ұлттық холдингтер мен корпорациялардың 200-ден астам өкілдері қатысты. Осы жоба бойынша біз 2018 жылы сотталғандардың 75 пайызын жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

– Серікбай Садықұлы, ертең басталатын ІІІ-ші форумнан не күтеміз? Онда қандай жобалар қаралмақшы?

Қылмыстық-атқару жүйесі саласын жетілдіру жұмысының  қисынды жалғасы – түрме халқының санын азайту, сотталғандарды көптеп босату, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлерін көбейту, сотталғандарды оңалту және оларды заңға бағынатын азамат қылып қоғамға қайтару болып табылады. Сондықтан біздің түрме реформасының III-ші Форумының тақырыбы «Ресоциализация: сен қоғамға керексің! Ты нужен обществу» деп аталады. Оның ерекшелігін тақырыбының өзі айтып тұр. Біздің жаңа жоба тек қана құрылымдық және ұйымдастырушылық өзгеріске бағытталмаған. Біз жалпы аяғын шалыс басқан, сүрінген отандастарымызға деген қоғамның көзқарасын өзгерткіміз келеді. 

Бүгінгі күні бұның маңызы қаншалықты және бұған қандай мүмкіндіктеріңіз бар? 

         Біздің алғашқы екі жобаның жүзеге асыру нәтижелері, сондай-ақ форумның беделді қатысушылардың құрамы  мемлекеттік органдары, азаматтық қоғам және халықаралық институттары араларындағы тиімді сұхбат алаңы мәртебесіне ие болуға мүмкіндік берді. Өздерінің көз жеткізгендей, бұл жерде талқылаудан бөлек, пенитенциарлық саладағы өте күрделі мәселелер өзінің шешімдерін табады.  Мәні бойынша бұл, адам мен азаматтың құқығын одан әрі қарай қамтамасыз ету, біздің қомғамның демократиялық негіздерін бекітуге бағытталған Мемлекет басшысы жүргізіп отырған реформалар қозғалтқыштарының бірі. Сондықтан, біз қоғам өкілдерімен конструктивті сұхбат болатынына сенім артамыз. Олардың қолдауы бұрын сотты болғандарға деген сенімсіздікті жеңуге мүмкіндік береді. Онсыз оларды қолдаудың өзге шаралардың барлығы біз ойлағандай тиімді болмайды. Тек осыдан кейін аяқтарын жаңылыс басқан құқық бұзушылар қоғамнан шеттетілмейді, өздерінің қоғамға қажеттілігін сезінеді және ертеңгі күнге сенімділігі артады.

         Біріншіден, форум тақырыбы Президенттің тапсырмасынан, нақты айтқанда Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарынан туындайды. Атап айтқанда, Жоспардың 33-ші қадамы бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін құруды көздейді. Осы жерде аталған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үлгілерінің кешенді стратегиясы әзірленетін болады.

  • Бұның негізі қандай? Бұл жұмысты неден бастаймыз?

         Шынында, бұл бағытта алғашқы қадамдар әлдеқашан жасалған. Қолданыстағы заңнамада социализацияның элементтері қашанда болған. Кеңес уақытында сотталған адам еңбек ұжымына кепілге берілетін. 90-шы жылдардан бастап Қазақстанда оларға бақылауды полиция органдары жүзеге асыра бастады. Өз кезегінде бұл жазалау сипатында болатын. Уақытында келмесең – қайтадан колонияға барасын. Бүгінгі күні жаңа ҚК және ҚАК қолданысқа енгізілгеннен бастап біз бұдан алыстадық. Бұрынғы қылмыстық атқару инспекциясы негізінде, әлемдік озық тәжірибесі бойынша пробация қызметі құрылды. Олардың жұмыстарындағы бағдар – сотталған отандастарды қоғамдағы өмірге бейімдеу және әлеуметтік көмек көрсету. Электронды білезік аталатын, электрондық байқау және мониторинг жасау құралдарын енгізу үшін база құрылған. Оларды қолданатын елдердің тәжірибесі, оның бас бостандығынан айырумен салыстырғанда тиімділігін көрсетті. Бүгін Үкеметте оларды енгізудің әртүрлі нұсқалары қаралуда, оны өзімізде жасап шығарудан бастап, тікелей жеткізушілерден сатып алумен аяқталады.