АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Үйдей шаруаны үйден-ақ бітіруге болады

cX7F8jiyb4oҚарап тұрсаңыз, үйде отырған әйелдердің көпшілігі кейде уақы­тын зая кетіреді. Әрине, бала-шағасына қарайды, үй шаруасын істейді, одан қалса, сериал көреді. Бірақ осындай бірсарынды тірлік адамды жеп қояды, бірте-бірте өзіңнің қарайып, көп нәрседен мақұрым қалып бара жатқаныңды байқайсың. Міне, осындай жағ­дай­да өзіңе де, отбасыңа да тиім­ді жолды таба білсең, ұтасың. Үйде отырып та кәсіппен шұғыл­дануға болады.

Өткенде теледидадардан бір жас келіншек сөйлеп жатыр, «Тамақ пісіріп, үй жинап, бала қарауға еркін үлгеретінімді тү­сін­дім. Сөйтіп, бос уақытымда қол­өнермен айналыса бастадым. Шашқа тағатын шеңберге әр­түрлі тастар, жылты­рақтар жап­сы­руды үйрен­дім. Ең бі­рінші өзі­ме жасадым. Құр­­бы­ларым кө­ріп қызы­ғып, «бізге де жасап берші» деп қолқалады. Бәрі содан бас­талды. Кейіннен «осындай бұй­ым­­дар жасап сатсам қайтеді» деген ой келді. Қазір бір жақсы­сы, өз бұйым­дарыңды ғаламтор ар­қылы жар­намалауға болады. Мен де солай істедім. Енді міне, қосымша табыс тауып отырмын» дейді. Өзімнің де бір та­нысымның келіні баламен үйде отырып-ақ қыруар шаруа бітіріп жүр. Шаш та қияды, тыр­нақ та егейді, массаж да жасайды. Басында тек туған-туыс, жақын құрбыларына ғана жасайтын. Елдер бірінен-бірі естіп, құлақ­тана береді екен ғой, қазір өзінің әжептәуір клиен­ті бар. Бола­шақта сәбиін бала­бақ­шаға беріп, «сұлулық салонын ашсам» деп армандайды екен. Бас кезінде «Аш емес, жала­ңаш емес, баласын ба­ғып, үйіне қарап, тып-тыныш отыр­май ма» деп келінін сөккен танысым енді «Ақшаның артықтығы жоқ екен ғой. Жақсы болды, кәдімгі­дей табыс тауып отыр» деп қуанып жүр.
Сол сияқты, ниет болса, кез келген кәсіптің көзін табуға болады. Сауда орталықтарындағы көздің жауын алатын торттар мен бәліш­терді, тәтті тоқаштарды үйде де пісі­­руге болады. Әркім пісіріп те жүр. Тек аспаздықты арнайы кәсіпке айналдыруды екенің бірі құнттай бермейді. Ал біздің қазақтың қыз-келіншектерінің қолынан бәрі келеді. Бірақ өзінің өнерін ұштап, дамыту, іске асыру, игілікке жарату жағын ойлай бермейді. Жас адам деген не нәрсеге болсын ұмтылып, қызығып, құлшынып тұруы керек. Өйткені өмір сондай. Оның үстіне жұмыс орындары да қысқарып, көп адам далада қалып жатыр. Бұрын­ғыдай «өкімет өлтірмейді» деп қа­рап отыратын заман емес қазір. Сон­дықтан жастарға айтарым, қандай қабілетің бар, қолыңнан не келеді – көрсет. Бірдеңе істесең, жасасаң немесе жасағың келсе, бұрынғыдай «кімге сатам», «оны кім алады», «не істеймін» деп қарап отырма. Әлеуметтік желілер арқы­лы өз жарнамаңды жасап үйрен. Қысқасы, кәсібіңді жолға қоюға жаныңды сала кіріс.
Рабиға НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ,
зейнеткер,
Алматы қаласы.

http://zhasalash.kz/