АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Үйленгенін жасырған Төреғали Төреәлінің бар құпиясы ашылды

images«Қазақ қызға үйленем» деп жар салған белгілі әнші Төреғали Төреәлінің бар құпиясы ашылды. Отбасылы екенін барынша жасыруға тырысқанымен оның заңды жұбайы бар екенін дәлелдейтін видеолар пайда болды.Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Әнші өзінің репертуарына қосылған тың туындыда басы бос екенін айтып, басқа ұлттың қыздарын емес, қазақ қызын аламын деп жар салатыны бар еді. Алайда оның бәрі бекер болып шықты. Жұбайын жасырып келген әнші ендігін жерде сырын ашуға бекінген екен.

Айтыскер ақын, әнші Төреғали Төреәлі 2014 жылдың 26 қарашасында шаңырақ көтерген екен. Бұл жайлы әншінің өнердегі достары Еркін Нұржанов пен Дастан сол кездері хабарлаған.

Халық Ерке Есмаханмен қосып жүрген Төрағалидың заңды жұбайының ныспысы – Толқын Тұрарбекқызы. Ал олардың ортақ неше баласы бар екені әзірге жабық күйінде қалып отыр.

www.nur.kz/kk