Украина қарулы күштері — Ұлттық гвардия әскерін елдің шығысындағы Красноармейск қаласында қалалық кеңес маңына жиналған «бейбіт тұрғындарға оқ атқан» болуы мүмкін. Аймақтағы бүлікшіл күштер өкілі «украин әскері атқан оқтан бір адам қаза тапқан» дейді.
Донецкіден 30 километр қашықтықта орналасқан Красноармейск қаласындағы оқиға қалаға Ұлттық гвардияның ондаған сарбазы кіріп, аймақтың егемендігі туралы «референдумға» дауыс беруді тоқтатқаннан кейін болған.
Associated Press агенттігі тілшісі оқиға болған жерде екі адамның денесі қимылсыз жатқанын көрген. Ал ИТАР-ТАСС агенттігі сепаратистер жетекшісі Денис Пушлиннің «бір бейбіт тұрғын қаза тапты» деген
http://www.azattyq.org/content/news/25381093.html