Украина Жоғарғы Радасы (парламенті — ред.) елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистер шоғырланған территорияларға ерекше мәртебе беретін заң жобасын мақұлдады. Құжатта сепаратистер басып алған, ерекші мәртебе мен өзін-өзі шектеулі түрде басқара алатын территориялардың шекарасы көрсетілген. Сепаратистер бақылауындағы аймақтарға ерекше мәртебе беру өткен айда Минскіде қол жеткен қақтығысты тоқтату келісіміндегі негізгі шарттардың бірі болған.
Заң жобасында Донецк мен Луганск облыстары Украина заңдарына сай және халықаралық қауымдастық бақылауымен өткен жергілікті сайлаудан соң ғана ерекше мәртебе алатыны айтылған.
16 наурыз күні Мәскеу мен ресейшіл сепаратистер заң жобасын сынаған. Ресей ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, құжатта «бұған дейін мүлдем талқыланбаған» қосымша шарттар келтірілген. Ал Донецк облысындағы сепаратистер жетекшісі Денис Пушилин құжатты қақтығысты тоқтату туралы келісімді «өрескел түрде бұзу» деп атады.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26906716