Киев Ресейден 2015 жылдың екінші тоқсанында газдың әр мың текше метрін 248 АҚШ долларынан сатып алу туралы келісімге қол қойды.
Украина энергетика министрлігінің ресми веб-сайтында жарияланған мәлімдемеде жаңа келісімде газдың мың текше метрін 248 АҚШ долларынан сатып алудан басқа шарттың барлығы украиналық «Нафтогаз» бен ресейлік «Газпром» компаниялары арасында 2014 жылдың қазанында жасалған келісімнің шарттарымен бірдей екені айтылған.
Украина энергетика министрі Владимир Демчишин келісімді «Нафтогаз» бен Газпром» байланысына қатысты саяси емес, экономикалық «жеңіс» деп атады.
Украина мен Ресей арасындағы газ дауы тұтынатын газының үштен бірін Ресейден сатып алатын Еуропа Одағы елдеріне де әсер еткен. Ресейдің Еуропа Одағына сататын газының 40 пайызы Украина территориясы арқылы тасымалданады.
http://www.azattyq.org/