Украина үкіметі мен сепаратистер сенбі күні елдің шығысында бір бірімен тұтқындар алмасты. Ақпанның 21-і күні Луганскіден 20 шақырымдай жерде үкімет күштері тұтқындағы 52 сепаратисті 139 украиналық әскериге айырбастаған.
Атыс қимылдарын тоқтатып, өзара тұтқындар алмасу ақпанның 12-і күні Франция, Германия, Украина және Ресей басшыларының қатысуымен Минскіде жасалған келісімде айтылған.
Сенбі күні Лондонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри еуропалық одақтастарымен «байыпты талқылаулар» өткізгенін және өткен аптада Минскіде қол қойылған атысты тоқтату туралы келісімді бұзғандарға жауап ретінде қосымша шаралар қабылданатындығын мәлімдеген.
http://www.azattyq.org/archive/news/20150222/330/330.html?id=26862413