АЛТЫНОРДА
Новости

Украинада Британия фабрикасын басып алды

Донецк маңындағы ресейшіл сепаратистердің бір тобы. (Көрнекі сурет)Украинаның шығысында орналасқан Донецк облысында қарулы топ Британияның күнбағыс өндіретін «Каргилл Инк» кәсіпорнын басып алды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Кәсіпорын аймақтағы қақтығыстардың жиілеуіне байланысты 4 шілде күні уақытша жабылған еді. Компания таратқан хабарламада «Біз жұмысшылардың басына қауіп төнгенін қаламадық, қазір ол жерде ешкім жоқ. Зауытты шағын қарулы топ басып алған. Оларға не керек екенін білмейміз» деп жазылған.

«Каргилл Инк» — әлемдегі азық-түлік өндірісі саласындағы ірі компаниялардың бірі. Украинадағы күнбағыс зауыты 2000 жылы салынған. Ол жылына 600 мың тонна өнім береді.

Reuters Украинаның шығысында үш ай бұрын басталған қақтығыстар әлі жалғасып жатқанын хабарлайды. Украина әскері кейінгі апталарда ресейшіл сепаратистерді тықсырып келеді. Осы уақыт ішінде 200-ден астам үкімет сарбазы, жүздеген бейбіт тұрғын мен сепаратист қаза тапты.

http://www.azattyq.org/