АЛТЫНОРДА
Новости мира

Украинада кепілге алған адамның көзі жойылды

ukraУкраинаның солтүстік-шығысында үш адамды кепілге алған қарулы ер адамның көзі жойылды. Украина ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, 48 жастағы қарулы адам Харьков облысының Люботин қаласында екі адамды атып өлтіріп, сосын жанармай құю станциясына басып кіріп, үш адамды кепілге алған. Кепілдегілер зардап шекпеген.

«Интерфакс-Украина» агенттігінің Харьков облысы әкімшілігінің басшысы Игорь Райнинге сілтеме жасап хабарлауынша, «қылмыскердің көзі жойылған». Бірақ Райнин болған оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі ақпарат бермеген.

Оқиға болған аймақ үкімет әскері ресейшіл сепаратистермен соғысып жатқан Донбасстан кәдімгідей қашық орналасқандықтан полиция оны қатардағы қылмыс деп бағалап отыр.

http://www.azattyq.org/