АЛТЫНОРДА
Новости

Украинада парламент отырысын өткізуді талап етті

6Оппозициялық «Батькившина», «УДАР» және «Свобода» фракциялары 27 қараша, сәрсенбіде Жоғарғы Раданың кезектен тыс отырысын өткізуді талап етіп парламентке хат жазды.

Оппозиция кезектен тыс отырыста Еуропа одағымен (ЕО) еркін сауда айналымы туралы келісімге қол қоюға мүмкіндік беретін мәселелерді қарастыруды сұраған.

Өткен аптада үкімет экономикалық қиын жағдайда қалған Украинаға қаржылық көмек көрсетуден бас тартып отыр деп ЕО-мен интеграция процесіне дайындықты тоқтататынын хабарлаған еді.

ЕО-мен келісімнен бас тартқан билік шешіміне украин оппозициясының наразылық шерулері 21 қарашада басталған. Кеше жүздеген адам Киевтегі Еуропа алаңында тігілген шатырларда түнеп шыққан. Оларды тарату үшін арнайы жасақ сарбаздары көзден жас ағызатын газ қолданып, бірнеше адам зардап шеккен. Бірақ демонстранттар шатырларын бұздырмай, қорғап қалды.

Оппозиция жетекшілері жексенбіде Еуропа алаңындағы демонстрацияғажүз мыңнан астам адам қатысқан десе, құқық қорғау орындары шеруге 50 мыңға тарта адам қатысты дейді. Үкіметтің шешіміне қарсылық акциялары Украинаның басқа қалаларында да өтті.

 

http://www.azattyq.org