АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Украиналықтар Франция халқының қайғысына ортақтасты

484f8185d7c9e6b600283380ee2ac33a_LПарижде болған лаңкестік әрекеттің құрбандарын украиналықтар да еске алды. Екі жүзден астам адам Францияның осы елдегі елшілігіне келіп, ғимарат алдына гүл шоқтарын қойды. Украиналықтар екінші күн қатарынан Франция елшілігінің маңына келіп, ғимарат алдына гүл шоқтарын қойып жатыр. Шырақ жағып, осылайша олар Франция халқының қайғысына ортақ екенін көрсетуде. Кешеден бері осы жерге келген адамдардың ішінде Франция азаматтары да бар. Александра Короткова, Киев қаласының тұрғыны: — Біз қазір Франция халқын қолдаймыз. Олардың қайғысына ортақпыз. Мұндай зұлымдықтың тек Парижде ғана емес, әлемнің басқа да қалаларында орын алып жатқаны өкінішті. Парижде болған лаңкестік әрекеттен кейін Украинадағы Франция елшілігінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бұл жерге Ұлттық Гвардия мен полицейлер тартылып, олар күні-түні кезекшілік етуде. Ал ел президенті Петр Порошенко кеше шұғыл түрде күштік құрылымдармен кеңес өткізіп, елде қауіпсіздікті одан әрі күшейту керегін жүктеді. Және шекарада арнайы режим орнату қажеттігі де айтылды. Изабель Дюмон, Францияның Украинадағы елшісі: — Біз үшін ауыр күні бізді қолдаған украиналықтар мен ел Үкіметіне алғысымды айтамын. Олар бізді қолдап қоймай, сондай-ақ қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп жатыр. Бұл жерге қосымша күштер тартылды. Бұл біз үшін өте маңызды. Тағы бір айтып кететін жайт, осыдан екі апта бұрын Мысырдағы ұшақ апатынан кейін украиналықтар Ресей елшілігінің маңына да барып, гүл шоқтарын қойды. Осылайша олар ресейліктердің қайғысысына ортақтасты.

http://24.kz/