АЛТЫНОРДА
Новости

Үлгілі отбасылар марапатталды

19849988718f364501dfff8aeba1955dАстана. 3 желтоқсан. Baq.kz – «Бірге өмір сүру» атты достықты, төзімділікті және отбасы құндылықтарын насихаттайтын жыл сайынғы жастар фестивалі Қазақстан-Ресей университетінің оқу корпусында өтті.

Фестиваль шеңберінде қоғамдағы отбасы мәртебесін арттыру және отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында «Заманауи қазақстан қоғамында отбасы құндылықтары» тақырыбына диалог алаңы құрылды. Оған ҚР БҒМ Жастар істері жөніндегі комитетінің, әділет органдарының мамандары, Астана қаласы Әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия өкілдері, Қазақстан-Ресей университетінің оқытушылары, Астана қаласының білім беру мекемелерінің психологтары, директорлары және мұғалімдері, Солтүстік Қазақстан облысының, Батыс Қазақстан облысының, Шығыс Қазақстан облысының және Орталық Қазақстанның этно-мәдени бірлестіктері өкілдері, жастар қозғалыстары көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдарының басшылары қатысты.
Диалог алаңының қорытындысы бойынша үлгілі отбасы өкілдері марапатталды. Барлық жеңімпаздарға ұйымдастырушылар атынан бағалы кәдесыйлар берілді.
Фестивальге 200-ден астам адам қатысты, олардың ішінде Қазақстан-Ресей университетінің, Еуразиялық гуманитарлық институттың студенттері, оқытушылары, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, «Бірлік-Единство.kz» бейнеролик байқауларының және «Менің Қазақстаным» постерлер байқауларының жеңімпаздары, үлгілі отбасылардың өкілдері, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар қозғалыстарының көшбасшылары, жас отбасылар бар.

 

http://baq.kz/kk/news/40285