АЛТЫНОРДА
Новости

«Үлкен жетілік» Сочи саммитінен бас тартты

«Үлкен жетілік» тобына кіретін, экономикасы қуатты жеті ел Ресейде өтетін «Үлкен сегіздік» елдерінің саммитіне дайындық жұмыстарына қатыспайтындарын мәлімдеді. Бұл туралы жеті ел басшылары, Еуропа Кеңесі және Еуропа комиссиясының президенті атынан дайындалған мәлімдемені АҚШ президентінің әкімшілігі таратты.

Мәлімдемеде Ресейдің Украинадағы әрекеттері «үлкен жетілік» елдері мен «үлкен сегіздік» елдері сүйенетін ұстанымдар мен құндылықтарды бұзғаны айтылады. Олар Украинаның экономикалық дағдарыстың алдын-алу үшін халықаралық валюта қорымен келісім жүргізу әрекеттерін қолдайтынын да білдірген.

«Үлкен жетілік» елдеріне Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония және АҚШ кіреді. Бұл елдерге Ресей қосылып, «үлкен сегіздік» тобын құрайды. Ресей биыл маусымда Сочиде «үлкен сегіздік» саммитін өткізуді жоспарлаған.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140303/330/330.html?id=25282955