Астана. 24 шілде. Baq.kz – Еліміз егемендік алғалы жер-су атауларының біршамасы қазақшаланды. Кеңес Одағы кезінде Мариновка, Вишневка, Петровка деп басталатын аудан мен ауылдар өзінің тарихи атауларымен қайта қауышты. Ономастика мәселесіне келгенде Оңтүстік Қазақстан облысында өзге тілде аталатын бірде-бір ауыл, аудан жоқ. Бәрі қазақша. Батыс өңір мен Орталық Қазақстан аймағының да қазақшасы басым. Бірақ, ара-тұра орыс тілінен енген атаулар кездеседі. Ал, Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстары кеңестік атаулардан құтылуға асығар емес. Анығында бұл орысшадан құтылу емес, тарихи әділдікті қалпына келтіру екенін түсінетін уақыт жетті. Осы мәселелерді көтерген Қостанай облысы, Таран ауданының әкімі Бақберген Өтеулиннің блогына жазылған мына хат еріксіз назар аудартты.
Бейімбетке аудан аты берілсе
Хат жазған азамат өзін Серікбай Жұмағұлов деп таныстырған. Шамамен екі бетке жететін хатта кеңестік дәуірдің саяси-экономикалық зардаптары, ұлттық идеологиямызға тигізген әсері туралы айта келе 1932-33 жылдары болған ашаршылықтың «дирижері» Филлип Голощекин екеніне де тоқталыпты. Автордың бұл пікірімен бізде келісеміз. Өз хатында С. Жұмағұлов Ф. Голощекинге тоқталуының себебін былай түсіндірген: «Ф. Голощекина называли улицы, поселения Казахстана. До чего терпелив казахский народ? Вплоть до 1993 года станция в Карабалыкском районе называлась именем Голощекина. Не лучше стало и в годы развитого социализма, на казахском языке не было запрещено говорить, однако говорить считалось признаком бескультурия. Казахские школы были в районе полностью закрыты, во всей области не было ни одного казахского театра, высшего учебного заведения, итак можно продолжать много и долго» депті. Бұл жерге біздің алып-қосарымыз жоқ. Ақиқатын автор көрсеткен. Осылай болғаны рас. Бұл кеше болған жағдай. Бүгін ше? Ақтаңдақтардың орнын толтырып, тарихи әділдікті қайта қалпына келтіру үшін шенеуніктеріміз қалай жұмыс жасауда? Автор осыған да тоқталыпты: «Сегодня казахское общество хочет восстановить справедливость, об этом говорят день и ночь. Об этом говорят в кругу семьи, в обществе, гражданских панихидах, семейных торжествах,на общественных праздниках. В прошлом году писали письмо акиму с. Тарановское о переименовании улиц и села. Однако аким села не сумел провести надлежащую работу с населением. Даже оповещение о сходе граждан не было сделано надлежащим образом.
Я, глубоко убежден в том, что народ не был против переименовании, просто ему не сумели организаторы правильно разъяснить, обеспечить явки». Автордың айтуына қарағанда жергілікті шенеуніктер көше атауларына селсоқ қараған. Бар мәселені «ол жақта орыс көп» деп ысыра салатын едік. Олар көніп тұрғанда, істі дұрыс ұйымдастыра алмаған әкімдік қызметкерлері болса керек. Бұл ауылдағы 10-15 үйі бар көше атауының жыры. Автор ендігі кезекте өзі тұратын Таранов ауданының атын өзгерту туралы мәселені көтерген: «Казахи не против Тарана, комсомола, пионера и т.д. все они дитя своего времени. Но надо понять, что сегодня мы живем в другое время, в другом государстве, в суверенном Казахстане. В мире любое государство, признается национальным государством. Следовательно, вполне естественно, справедливо, законно и гуманно если улицы, поселения в Казахстане будут носить казахские наименования, это даже красиво и культурно. Вполне логично переименовать район, в район имени Беимбета Майлина. Он наш земляк, писать о его биографии, заслугах нет необходимости. Об этом можно в любой библиотеке района прочитать. В соседней Северо-Казахстанской области район где родился известный казахский поэт Мағжан Жумабаев переименован и носит имя поэта. От этого никто не пострадал, наоборот это дает рост патриотизму. Почему бы не дать имя Магжана Жумабаева автора платформы партии «Алаш» Тарановской казахской школе. Надеюсь изложенные вопросы найдут соответствующих решений» депті.
Хатты оқи сала Таранов ауданының әкімдігіне хабарласқан едік. Әкім мектептерді аралап жүр деген жауап алдық. Кеңесшісі еңбек демалысында екен. Әкім аппаратының кеңсе басшысы Жандос Жүрсінұлынан ғана осы сұраққа байланысты пікір алуға мүмкіндік болды.
Кеңсе басшысы: «Біз бұл хатпен жақсы таныспыз. Әкім құзырлы органдарға тапсырма берді. Аудандық мәдениет бөлімі жанындағы ономастикалық комиссияда қаралатын болады. Ішкі саясат бөлімі мен білім бөлімдері халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жасыратыны жоқ, аудандағы халықтың 30 пайызын ғана қазақтар құрайды. Сондықтан ұлттық мәселеге келгенде қолдауға ие болуымыз екіталай» деп жауап қайырды.
Осыған қарағанда аудандағылар Бейімбеттің ұлтқа бөлінбегенін білмейтін болса керек. Кеңестік дәуірді дәріптеген жазушыны ұлтқа бөліп жүрген өздері ғой. Сонда кім ұлтшыл?!
Бейімбеттің музейінде пасханы тойлаған
Таранов ауданында Бейімбет Майлиннің атында музей бар екенінен хабардар едік. Майлиннің мұрасы ауданда қалай насихатталып, аудан атына есімін беруге байланысты пікірін білмекші болдық. Музей басшысы Светлана Рудик еңбек демалысында болып шықты. Бұл жерден де бөлім бастығымен сөйлесуден әрі аса алмадық. Өзін қор бөлімінің бастығы Әлия Бимурзина деп таныстырған қызметкер: «Можно по русский. А то нам трудно» деген соң ойымызды орысша жеткіздік (қазақша қасарысып тұрсаң 7-ші баптың 2-ші тармағын айтып трубканы тасай салатындар көп). Сөз арасында қазақша неге сөйлемейсіздер деген сұрағымызға: «У нас все на русском языке. На казахском нам трудно» деген алдыңғы жауабынан аспайтын жауап алдық. Ал, Бейімбеттің мұраларынан музейде не бар деген сұраққа: «Пока ничего нету. Если хотите фотографий есть. Все остальное экспонаты по другой тематике» деп жауап берді. Берген жауабындағы айтқан фотографиялары интернетті кезіп жүр. Оқырман түгілі оқушыға жаңалық етіп жеткізе алмайсын. Ал, Ә. Бимурзина айтқан «по другой тематике» дегенді музей сайтынан таптық. Мына суреттен сол «по другой тематике» дегенді көруге болады:
Бейімбеттің музейін өздерінің дәстүрлерінің орталығына айналдырған ұжымды «қой терісін жамылған қасқырлар» дегеннен басқаға ауыз бармай отыр. Музейде тойлағаны рождество, масленица мен пасха болса Бейімбеттің де шоқынып кетуіне аз-ақ қалған шығар!
Шамасы облыстық мәдениет басқарамасы тарапынан бақылау болмаса керек. Әй дейтін әже болса Беймібеттің музейінде пасха тойланбас еді ғой.
Ендігі сөз әкімдікте . . .
Нұрсерік ЖОЛБАРЫС , Baq.kz тілшісі.