Ұлыбританиядағы Қазақстан аруы титулына LSC (london school of commerce) студенті Сымбат Қожағарова ие болды. Ал вице-ару- UCL (University college London) студенті Аяна Сағынбек.
Қожағарова мен Сағынбек ақтық мәреде Қазақстан атын шығарды.
Байқауға қатысушылар кешке арналған көйлектер және іскерлік киімдермен сән көрсетті. Бұл дарындылар мен сұлуларды анықтайтын ерекше байқау болды. Байқаудың соңғы кезеңінде қатысушы қыздар өз талғамдарына сәйкес үйді жайлы етудің әдістерін көрсетті. Олар қандай киім кию және қандай тағамды жеу керектігіне кеңес берді.
Аяна Сағынбек
«Соңы кезеңге бірі халатпен, бірі алжапқышпен шықты. Сымбат қазақша оюмен әрлеп, дәмді бәліш жасады» — дейді байқаудың ұйымдастырушысы Әсел Оразова.
Оразованың айтуынша, көрермендердің көбі Аянаның дарынына да тәнті болды. Ол UCL — де экономика факультетінде білім алуда.
«Дамыған елдердің бірі болғандықтан Англияда оқуымды өзім де, ата-анам да қалады. Мұнда білім сапасы да, тәбиелеу жүйесі де, мәдениет пен өркениет те жоғары. Әр күн сайын бір тың нәрсені білемін. Сонымен қатар, түрлі шараларға қатыспай құр қарап жүре алмаймын», — дейді Аяна Сағынбек.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: tengrinews.kz
http://massaget.kz