Наурыз жыл басы. Жаңа күн. Ол қалай ұлыстың ұлы күні аталды. Аңыз бойынша Нұқ пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келгенде, топан су тартылады. Осы күні жер бетіне аман жеткен тіршілік иелері аспанан қазан түсіп, сол қазаннан дәм татады. Содан, барлығы жиылып, бұл бір ұлыстың ұлы күні болды. Бұдан соң осы күн – Ұлыстың ұлы күні болсын деп, тарқасады. Бұл күн — Наурыздың 22-сіне дөп келіпті. Наурызға екі-үш күн қалғанда қора қопсыны тазалап, үй ішін ретке келтіріп, жақсы, яғни ұлттық киімдерді сайлап, тазаланған жөн. Жыл басы болғандықтан, жыл бойы тоқшылық болсын деп, науырызға арнап дәмді тағамдарын арнайды. 5, 7, 9 түрлі дән қосылған көже істеп, ауыл аймағына таратады. Ағайын тума, көршілер өзара қонаққа шақырысады. Негізі көршілер, туыс, дос-жарандар шақыртпай аралағаны абзал. Науырыз күні әр үйдің есігі құлыпсыз ашық тұрады. Жастар, жас балалар, ауылдағы үлкендерге, қарияларға барып бата алып, дұға жасатады. Қазақ бата, тілекті өте ырымдайды. «Батасыз құл арымас, баталы құл жарымас» деп, батаға үлкен мән берген. Жыл басында бата алып, Аллаһқа дұға жасату, қазақ үшін өте өнегелі дәстүр. Дұға тілектің пайдасыда зор. Шын ниетпен тілеген дұға тілекті Аллаһ қабыл етеді. Сондықтан жастарымыз, қазақ салты бойынша үлкендерден, әсіресе тақуа, діндар, аузы дуалы ақсақалдардан бата алғаны өте дұрыс болады. Науырыз мерекесі 3- 9 оданда көп күнге созылады. Әр жерде әр қалай.
Наурызда жасалатын жол, жоралғы жайына аздап тоқталсақ.
Ырыс құттың басы –тоқшылық
Қысқы, соғымнан сақталған қазы –қарта, жал- жая, омыртқа белдемеге бас пен шекені қосып асады. Сорпасына 7, 9 түрлі дән / Арпа, бидай, күріш, сөк, тары тағы басқа/ салып, көже жасайды. Көжені ауыл аймаққа таратады. Қазақта наурызға байланысты 7, 9 және 40 санын киелі деп есептейді. Мұнда 7, 9 дәннің саны болса 40 саны, науырызда 40 үйден дәм тату керек деген ұғымды білдіреді. Наурыз көже қасиетті, тағам. Жыл басындағы тоқшылық – сол жылы мол ырыс әкеледі деп, ырымдайды.
Әз Наурыз және Қыдыр баба
Түркілердің ертедегі наным сенімі бойынша күн мен түн теңелген күні жер көкті жарып ғажайып дауыс шығады екен. Ол гуілді тек жануарлар ішінде қой ғана сезеді екен. Қой өте бейуаз, мейрімді, сезімтал жануар. Бұл дыбысты «Әз» деп атаған. Сол себептен «Әз – наурыз» — деп, «Әз келмей, мәз болмас» деп, аталарымыз ерекше қәдір тұтса керек. Науырыз күні ерте тұрып, күнді көрген жақсылыққа бастайды. Алғашқы сәулесіне маңдайды тосып, шұғыласына бөленсе, бойға күш-қуат береді. Бұл күні барлық тіршілік иесі, оның ішінде адам денесіне ерекше бір қасиет жетеді екен. Сондықтан, осы күн, әркім өзін жақсы жайлы сезініп, қасындағыларға мейрімді, мейрбан болған жақсы. Жаман әдет, харам астан аулақ болғаны абзал.
Наурыз түні әлемді Қыдыр баба аралап, адамдарға бақ-дәулет таратады деген наным да бар. Қыдыр баба асын қамдап, ұйықтамай Наурыз таңын күзеткендерге мейірі түсіп, бақ береке әкеледі деп ырымдаған. Шынында да, қазақ: «Ерте тұрған еркектің ырысы, ерте тұрған әйелдік бір ісі артық» демей ме, бұл да тегін айтылған сөз емес. Наурыз күні жұрт бата алып, жастарға бата беруге асығады. Батаны беретін адам Аллаһты бірінші ауызға алып, мән-мағналы сөздермен, ұйқастырып, шын көңіл, ниетпен, жігерлі сөйлеп, бергені абзал. Үлкендердің – Жаратушы бір Аллаһ жарылқасын..
.. Әз – наурыз береке, бірлік әкелсін… Қыдыр дарып, бақ қонсын.. Ұлыстың ұлы күні оң болсын… ақ мол болсын.. деп бата беріп жатқандары әр қазақтың есінде болар. Бұл күні ренжіскендер татуласады. Жаңа түскен келін, жаңа туған балаларды, ағайын туыстарына таныстырады.
Наурызкөк және наурызгүл
Наурыз көк — қар еріп, күн шырайы көтеріле жылы жақтан алғашқы болып ұшып келетін, титтей құс. Бұны қазақтар наурызек, көкқұс, жылқышы деп те атайды. Торғай су ішше күн жылынтынын, қазақ байқаған. Бұлда тегін емес. Наурыз шешек – Наурыз айында өсетін жапырақты, бүр жаратын гүлді өсімдік. Сәуір, мамыр айында толық бүр жарып гүлдейді. Қызыл кітапқа кірген өсімдік түрі, еліміздің таулы аймақтарында бір неше түрі өседі. Оны жұлуға, таптауға болмайды. Жалпы қазақ ырым-тыйымы бойынша жаңа шыққан көкті жұлмайды, таптамайды. Жұлса, таптаса жаманға жорыйды. Наурызда мал төлдейді. Олар дараланып, төлдің алды, мал басы, құт «Наурыз төлі» деп, аталған. Оларды сыйға беріп, сатпайды. Қазақ жұғысты болсын деп, ырымдап, өз игілігіне жаратқан.
Бұл күн – тас жібитін күн
Наурыз күні Самарқанның көк тасы жібиді деген сөз тіркесін көп естиміз. Ол жайлы аңыздың бірнеше нұсқасы бар. Бұл нақыл сөз адамдар арасының қатынасына байланысты шыққан сияқты. Наурызда реніжіскен адамдар татуласуға тиіс. Егер, татуласпаса, өкпе-реніштен арылмай, қатулық танытса «Сен тастан да қаттысың ба, Самарқанның көк тасы жібігенде, сенде жібі» — деп татуластырады екен.
Ұлыстың ұлы күнгі тиымдар
Наурыздың бірінші күні – Ұлыстың ұлы күні саналады. Бұл күні кір жуға, шаш, тырнақ алуға болмайды екен. Себебі, адамның тырнағымен шашыда, түлеп жаңарады. Құрылыс бастауға, іс тігуге, мылтық атуға, қақпан құрып, тұзақ құруға тиым салынғаны, жалпысы жұмыс істемеу жайында, жазбаларда бар. Алыс сапарғада шықпайды, ешкімді ренжітуге, даулы мәселе тудыруға , ренжіп, қайғыруға, құрбан шалуға жалпысы қан шығарып, мал сойуға болмайтыны айтылған. Себебі, мал төлдейтіндіктен, төл өсіміне, малдың көбеюіне кесірі тиеді деген, наным қалыптасқан. Оған негізде жоқ емес. Өйткені, бұл күн – жер, әлем болып, дүниенің тіршіліктің жаңаратын, жаңаланатын бастапқы күні деп, ардақтайды.
Бұл Наурызда жеке басымызға қатысты жасайтын ғибадаттарымыздың бір парасы. Ауыл аймақ, қала жұрты, көпшілік болып Наурызды қалай тойлауы ел ағалары, игі жақсылардың ниеті, өнеге, салт санасына байланысты. Ол жайын қайраткерлер білер… Қой жылы тоқшылықпен, молшылық, тиыштық, той жылы болсын ағайын!
Дахан Шөкширұлы Жәмші
«Қамшы» сілтейді
Предыдущий