АҚШ геологиялық қызметі Үндістанның солтүстік-шығысында, елдің Бирма мен Бангладеш шекарасына таяу маңында қуатты жер сілкінісі болғанын тіркеді, деп хабарлады Би-би-си.
Әуелі оның қуаты 6,8 балл деп көрсетілген еді, кейін 6,7 баллға дейін төмендетілді.
Сейсмологтардың атап өтуінше, жер сілкінісінің ошағы Үнlістанның Манипур штатының астанасы — Импхалдан солтүстік батысқа қарай 33 шақырым жерде болды.
Күшті жер дүмпуі жергілікті уақытпен таңғы сағат 4:35-тің шамасында сезілген.
Көптеген бенгалдықтар үйдің құлауынан қорқып, сыртқа қашып шыққан.
Американдық геологтар дүмпуді аймақтың 98 миллионға жуық тұрғыны сезінгенін атап өтеді.
Сейсикалық белсенділік тұтастай алғанда Еуразиялық және Үндістан литосфералық тақтатастарының арасындағы шекарада орналасқан аймаққа тән. Бұл тақтатастар жылына 5-6 сантиметр жылдамдықпен бір-біріне қарсы жылжып отырады.
2005 жылы пәкістандық Кашмирдегі тербелісі 7,6 баллдық жер сілкінісі 75 мың адамның өмірін қиып кеткен болатын.
2015 жылғы сәуірде Непалда болған қуатты жер сілкінісінде 9 мың адам қаза болды, 900 мыңға тарта үйлер қирады немесе бүліншілікке ұшырады.
http://www.inform.kz/