Үндістанның Батыс Бенгал штатында ашынған піл ауылға баса көктеп кіріп, ойда жоқта ойран салды. Таңсәріде шырт ұйқыда жатқан тұрғындар пілдің ащы дауысынан шошып оянған. Далаға жүгіріп шыққан жұрт алып жануардың жүзге жуық үй мен дүкенді қиратқанын көрді. Пілді ұстауға орманшылар көмекке келген. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Мамандар жабайы пілдер өзі мекен еткен жерлердің бұзылғанына ашынып, наразылық ретінде шабуыл жасаса керек деп отыр. Милан Саха, ауыл тұрғыны: — Піл ауылға жақын маңдағы орманнан келді. Көптеген үй мен дүкендердің тас-талқанын шығарды. Бірақ шарасыз адамдардың пілге шамасы жетпей, еш амал істей алмады.
Источник: http://24.kz/kz/