АЛТЫНОРДА
Новости

Үш мың адам АҚШ азаматтығынан бас тартты

Астана. 19 ақпан. Baq.kz – 2013 жылы 3 мың адам АҚШ азаматтығынан өз еркімен бас тартқан. Бұл жайында CNN хабарлайды. 

Телеарнаның хабарлауынша, бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 3 есеге өсіпті. Ал, 2008 жылы азаматтықтан бас тартқандар саны небәрі 231 адамды құраған. Сарапшылардың мәліметінше, америкалықтардың өз елінен кетуіне елдегі салық жүйсенің қатаңдатуы себеп болған көрінеді.
АҚШ Конгресі қабылдаған жаңа заңға сәйкес, шетелде шоты бар америкалықтар қосымша салық төлеуі тиіс. Сондай-ақ, иелігінде қанша ақшасы бар екенін де мемлекетке хабарлап отыруы керек. Ал, CNN сарапшылары болса алдағы уақытта АҚШ азаматтығынан бас тартатын америкалықтардың саны арта түсетінін болжап отыр.

http://baq.kz/kk/news/43773