АСТАНА. ҚазАқпарат — Қара аю сенбі күні Қытай мен Ресей шекарасындағы Усулицзян /Уссури/ өзенінен жүзіп өтіп, Хэйлунцзян (Солтүстік Шығыс Қытай) провинциясының Жаохэ уезіне кірді, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.Уездің шекаралық комендатурасынан хабарлағандай, 29 тамызда шамамен сағат 09:30 Усулицзян өзенінің бойындағы саябақта туристер өзеннің ресейлік жағынан келген қара аюды көрген. Балықшылар оны қумақ болды, алайда әрекеттері нәтижесіз аяқталды.
Жағалауға шыққан аю туристерді шошытты. Шекара комендатурасынан хабарлағандай, шамасы тағы аң адамдардан қорыққандықтан жағажайдан 50 метр жерде орналасқан зауыт ғимаратына кіріп кетуі мүмкін.
Шекарашылар дереу оқиға орнына жетіп, жақын жерде тұратын адамдарды қауіпсіз жерге шығарды.
Салмағы 100 келіден асатын аю транквилизатормен ұйықтатылып, кейін еркіндікке жіберілді.
http://www.inform.kz/