Атыраулық балықшылардың торына ұзындығы 3 метр, салмағы үш жүз келіге жуық қорытпа балығы түсті.Бір кездері «Балығы тайдай тулаған» Жайықтан ауланған балықтардың ірілігі мен салмағына көз тоятын. Алайда соңғы жылдары ірі балықты көру, айға ұшуды армандағандай болып қалғаны ақиқат.
Курилкин бекіре зауытына қарасты «Амангелді» өндірістік кооперативінің балықшыларының құрған ау-торына түскен қорытпа биылғы жылдың алғашқы ірі салмақты балығы болып шықты.
Зауыт директоры Ғилман Сәрсемалиевтың айтуынша, биылғы жылдың үлкен олжасы қорытпа балықтың ішіндегі уылдырық мол болып шығуы ғажап емес. Қазіргі күні қорытпа балықты еркін жүзе алатын бассейнге апарып, сол жерде уылдырығын алу жұмыстарына дайындық жүруде.
Тұрсын ҚАЛИМОВА
Атырау облысы