АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ВЕНЕСУЭЛА ХАЛҚЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҮШІН КОЛУМБИЯҒА АҒЫЛЫП ЖАТЫР +[:]

[:kz]

xlarge (1)Экономикасы тұралап тұрған Венесуэла халқы көршілес Колумбияға ағылуда. Оған елдегі азық-түлік тапшылығы себеп болып отыр.  Аш құрсақ балаларын ажалдан арашалап, аз да болса ас-су сатып алу үшін 18 мыңнан астам адам 12 сағатта шекараны кесіп өткен.

Айта кетейік, Венесуэла қиын кезеңді бастан өткеруде. Экономикалық және қаржы дағдарысы мемлекетті тығырыққа тіреп, бағаның шарықтауына алып келген.  Тіпті елдің азық-түлік саласында төтенше жағдай жарияланған еді.  Осыған байланысты Венесуэла билігі бір жыл бұрын мемлекет шекараларын бекітіп тастаған болатын. Халқы аш қалудың алдында тұрғанда Каракас бұл қадамнан бас тартуға мәжбүр болып отыр.

http://www.muslim.kz/kk

[:]