АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Владимир Путин Кеңес одағын қайта құруға тырыспайтынын айтты

скачанные файлы (3)Ресей президенті Владимир Путин «Мәскеу Совет Одағын қайта құруға тырыспайтынын, бірақ бұған ешкім сенбейтінін» мәлімдеді.

Путин 20 желтоқсанда ресейлік телеарналардан көрсетілген «Әлемдік тәртіп» деп аталатын деректі фильмде «Украина мен Совет Одағының басқа да аймақтарына қатысты айтсам, Батыс елдері Украинаның мүддесіне жұмыс істемейді. Олар СССР-дің қайта құрылуына қарсы жұмыс істеп жатыр» деген. Бұдан ары ол «бірақ ешкім біздің Совет Одағын қайта құру ниетіміз жоқ екеніне сенгісі келмейді» деп мәлімдеген.

Ресей 2014 жылы наурызда Украинаның Қырым түбегін аннексиялап, Украина шығысындағы қақтығысқа киліккен соң Мәскеудің Батыс елдерімен қарым-қатынасы қырғиқабақ соғыс кезеңінен бері болып көрмеген жағдайда шиеленісті.

2014 жылы сәуірде Украина шығысында Ресей қолдайтын сепаратистер мен украин әскері арасында басталған қақтығыстан 9 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Мәскеу Украина шығысындағы украин ұлтшылдары ондағы этникалық орыстар мен орыс тілді украиндарға «қауіп төндіреді» деп санайды.

http://www.azattyq.org/