Владимир Путиннің байлығы $200 млрд-ға бағаланып отыр, деп жазады американдық NewYork Post басылымы.
“Hermitage Capital Management бас директоры Билл Браудердің айтуынша, Путиннің байлығы $200 млрд-ға бағаланып отыр”, – деп жазады басылым сейсенбіде.
Бұл ретте басылым аталмыш қаржының Путинді жер бетіндегі ең бай адам қылатынын атап өтеді.
“Бұл дегеніңіз Путин қазір $79.2 млрд байлығы бар Билл Гейтстен де мықты бай адам болып отыр”, – деп жазады басылым.
“Браудер Ресейдегі мектептерге, жолдарға, ауруханаларға және т.б. жұмсалмаған қаражат жылжымайтын мүлікке салынып, Швейцария банкіне аударылған, акцияларға, хедж-қорларға айналдырылған деп айтты”, – делінген жарияланымда.
Бұл ретте американдық “Morning News” басылымы Билл Браудердің сөзіне сілтеме жасай отырып, Владимир Путиннің өз жағдайын ел басқарғандағы алғашқы он жылда жасап алғанын айтады.
http://www.qazaquni.kz/?p=33676