АЛТЫНОРДА
Новости

«Халал» мен «харам» арасы

halal_Kolbasa_120809Елімізде «Халал» таңбасы бар шұжық еркін сатылуда. Алайда шұжықты арнайы зертханаға апарғанда, өнімнен шошқаның ДНК-сы анықталған. Бұл туралы 7 арна хабарлайды. Бұған дейін жүргізілген кейбір зерттеулер де шұжық өнімінде харам қоспаның бар екендігін көрсеткен болатын. «Халал» таңбалы тауар алғаш рет осыдан 40 жыл бұрын Малайзияда пайда болыпты. Қазір бұл стандарт әлемнің 180 елінде бар. Қазақстанға келгеніне 10 жылдың жүзі болған.

Бірақ әлі күнге оған қатысты күмәнді жайттар айтылуда. Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелидовтың айтуынша, шұжық өніміне тәуелсіз тексеріс жасалған. «Сол тексерістің нәтижесінде шындығын айту керек, бірнеше халал өндіретін мекеменің өнімі халалға сәйкес болмады»,-дейді бөлім меңгерушісі. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының» зертхана меңгерушісі Майра Садықова бұл туралы «Тексеріс нәтижесінде екі шұжықтан да шошқаның ДНК-сі анықталды. Мұны халал деп айта алмаймыз. Бірақ шұжықтарда халал таңбасы болды», — дейді.

http://jasqazaq.kz/