АЛТЫНОРДА
Новости

«ХАЛАЛ» СЕРТИФИКАТЫ НЕГЕ «АДАЛҒА» АЙНАЛУДА?

halyal01«Халал» енді «адалға» айналады! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мемлекеттік стандартқа осындай өзгеріс енгізуді ұйғарып отыр. Қазір тиісті құжат пен сертификат дайындалуда. Мамандар тауар белгісін осылайша қазақшаламақ. Бірақ бастамаға қарсылық білдіріп жатқандар да бар. Әсіресе, тұтынушылар құқығын қорғау ұйымдары бұған келісер емес. Тағы бір жәйт, тамақ өнімдерінен басқаларға бұдан былай «халал», яғни «адал» белгісі қойылмауы тиіс. Мысалы, халал монша, халал қонақ үй сияқтылар енді болмайды дейді діни басқарма өкілдері. Енді дүкенге не базарға азық іздей барсаңыз, мекеменің «адал» деген сертификаның бар-жоғын сұрауыңыз қажет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен мемлекеттік стандартқа осындай өзгерту енгізілмек. Яғни бұдан азық-түлікте «халалдың» орнына «адал» деген белгі тұрады.

ҚМДБ халал өнімдерді стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиевтің айтуынша, кез келген халықтың өзінің атаулары бар халалға берген, мағыналары бар. Сондықтан қазақ халқында «халаға» берген мағына ол — адал. Адал ас, арам мен адалдық деген секілді. Сондықтан осының бірін ескере келе, логотипте «Адал» деген белгі қойылды!

Сөйтіп, діни басқарма осы арқылы алдымен тауар белгісін қазақшалауды көздепті. Қазір дайындалып жатқан «адал» стандартына құқық беретін құжат, жоспарға сай, келесі аптада сауда орындарына таратылмақ. Тек жаңа сертификатқа ие болушы мекеменің өнімі шын мәнінде адал болуы шарт. Ал бұл зертхана арқылы анықталады. ҚМДБ халал өнімдерді стандарттау бөлімінің меңгерушісі сонымен қатар, қазіргі уақытта үлкен соңғы үлгідегі БЦР анықтайтын, шошқанын ДНК-сын анықтайтын лабораториямен екіжақты келісім сөз жүргізіп жатырмыз. Алла қаласа, осы жақын күндері шешілуі керек. Шұжықтар, халық көп тұтынатын тауарды тексерістен өткіземіз» дейді.

Тағы бір айта кететін жаңалық – «адал» стандартын енді тек тағамға қатысты қолдануға рұқсат етіледі. Ал басқа тауарлар мен қызмет түрлеріне ондай белгі қойған жөн емес. Әйтпесе, елімізде монша, фитнес, емхана, дәмхана, такси, тіпті көлік жөндеу орталықтарына дейін «халал» тіркесін жалғауға әуестенген. Діни басқарма мұны заң тұрғысынан да тізгінде ұстауға бекініп отыр.

http://zhebe.com/