АЛТЫНОРДА
Новости

Ходорковскийге Лех Валенса сыйлығы берілмек

images (5)Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса «өз атындағы сыйлықтың биыл түрмеде отырған ресейлік олигарх Михаил Ходорковскийге берілетінін» мәлімдеді. 

Валенса таратқан хабарламада экс-бизнесменнің «азаматтық қоғам құндылықтарын дәріптеу және экономикалық еркіндіктің негізін қалау ісіндегі батылдығы және адам құндылықтары мен әділеттілік жолындағы ымырасыз күресі үшін» осы сыйлыққа лайық деп танылғаны айтылады.

Польшаның бұрынғы басшысы 100 мың АҚШ долларын және марапат белгісін Ходорковскийдің ұлына 29 қыркүйек күні Гданьск қаласында тапсырады.

2007 жылы банкротқа ұшыраған «ЮКОС» компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский 2004 жылы «алаяқтық жасады және салық төлеуден жалтарды» деген айыптармен сотталып, 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Кейін кассациялық шағым бойынша сот оған кесілген жазаның бір жылын қысқартқан.

Бірақ 2010 жылы — жаза мерзімі аяқталар алдында Ходорковскийдің үстінен екінші қылмыстық іс қозғалып, 14 жылға сотталған. Кейіннен Мәскеу қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы Михаил Ходорковскийдің жаза мерзімін бір жылға кемітті. Ал 2012 жылы 20 желтоқсанда Мәскеу қалалық сотының төралқасы істі қадағалау тәртібімен қайта қарап, Ходорковскийге тағайындалған жаза мерзімін 13 жылдан 11 жылға өзгертті.

Жақтастары оның қудалануының саяси астары бар деп санайды. Ходорковский 2017 жылы бостандыққа шығуы тиіс.

http://www.azattyq.org/