АЛТЫНОРДА
Новости

XX-XXI ғғ. Ресейдің бірінші ханымдары» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді

434_6b34fcc6f0c6d06bdb1a50e8cb8601f1Астана. 15 қыркүйек. Baq.kz Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық көрме жобасы аясында ұйымдастырылған «XX-XXI ғғ. Ресейдің бірінші ханымдары» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Бұл шын мәнінде Астана өміріндегі ең айтулы оқиғалардың бірі. Мәдени маусымды экспозициялық материалдың құрамы бойынша, тақырыптық айдарлары мен хронологияларында тікелей немесе жанама көрініс тапқан оқиғалар мен үдерістердің ауқымына сәйкес бірегей көрме ашып отыр. Дәл осы көрменің 2010-2013 жж. арналған Қазақстан мен Ресей арасындағы Ынтымақтастық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың қатарына енуі де кездейсоқ емес.
Көрменің мазмұны.
Көрменің басты мақсаты – мұражайлық әдістер арқылы XX-XXI ғғ. Ресейдің бірінші ханымдарының елдің қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі рөлін ашып көрсету болып табылады.
Көрме Ресей орталық мемлекеттік қазіргі заманғы тарихы мұражайының «Ресей әйелінің келбеті» жобасы аясында әзірленіп, отбасылық жинақтар, мұражайлар мен мұрағаттардан алынған мемориалдық кешендердің таныстырылымына негізделген. Бірінші ханымдарға арналған көрменің бөлімдерінде көрме кейіпкерлерінің жеке заттары, фотосуреттері, құжаттары, қолтаңбалары, кескіндемелері, графикасы, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, олардың өмірі мен қызметі жайлы баяндайтын сирек кездесетін деректі хроникалар мен фильмдер ұсынылған. Көрме 2007 жылы Мәскеуде, ал 2010 жылы Екатеринбургте табысты өтті.
Көрменің басты кейіпкер-тұлғалары: патшайым Александра Федоровна Романова, Надежда Константиновна Крупская, Надежда Сергеевна Аллилуева, Нина Петровна Кухарчук-Хрущёва, Виктория Петровна Брежнева, Татьяна Филипповна Андропова, Анна Дмитриевна Черненко, Раиса Максимовна Горбачёва, Наина Иосифовна Ельцина, Людмила Александровна Путина және Светлана Владимировна Медведева.
Тең ұйымдастырушылар:
Ресей орталық мемлекеттік қазіргі заманғы тарихы мұражайы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазіргі заманға дейінгі ресейлік өркениетті зерттеумен айналысатын ірі, федералды маңызы бар мұражай болып табылады. Мұражай Ресейдің әлеуметтік, саяси және экономикалық тарихын құжаттандыратын тарихи дереккөздерді жинақтап, зерттеп, көпшілік назарына ұсынады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры
Қор 2000 жылдың желтоқсан айында құрылды. Қор қызметінің негізгі мақсаты қазақстандық мемлекеттілікті, ұлтжандылықты нығайтуға, қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыруға, Қазақстан Республикасының мәдени, экономикалық және саяси салалардағы халықаралық байланыстарын дамытуға қолдау көрсету болып табылады