Меншікті тілшіміз Дана Нұржан хабарлайды. Якутия халқы актер Леонардо Ди Каприоға халықтық «Оскар» статуэткасын беру үшін 1 келі 386 грамм күміс пен 3,49 г алтынды жинап қойды. Бұл жаңалықпен «Леоға арналған Оскар» арнайы жобасының ұйымдастырушысы Татьяна Егорова бөлісіпті. Егорованың айтуынша, якутиялық «Оскар» түпнұсқадан аздап ерекшеленеді екен. Оның түрі азиат кейіпті болып, қолына әдеттегідей қылыш емес, якуттардың ұлттық ыдысын ұстаған күйі құйып шығарылатын болады. Ерекше шараға бүкіл Якутиядан 144 адам қатысып, үлестерін қосқан. Енді олар халық жүлдесін Якутиядан сонау Голливудке жеткізу жолдарын ойластырып, бас қатырып жатыр. Жұлдыздың жанашырлары, тіпті Ди Каприоның қорына хат жазып, жүлдені актерге жеткізу жөнінен көмек сұраған. Аударған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz/kz/