АЛТЫНОРДА
Новости

Янукович: Киев ЕО-дан тиімді шарттар күтеді

defaultУкраина президенті Виктор Янукович Еуропа одағының (ЕО) Киевке қойып отырған қаржылық талабын «қорлау» деп атады. Телеарнаға берген сұхбатында ол келісім жасасу үшін ЕО-дан бұдан да тиімді шарттар күтетінін мәлімдеді.

Януковичтің айтуынша, ЕО-мен келісімге қол қою үшін Брюссель Киевке қаржылай көмек ретінде 610 миллион еуро бөлуді ұсынған. Бұл қаржы Халықаралық валюта қорымен «тиімсіз» келісім жасалған жағдайда ғана бөлінеді. Янукович «Украина мұншалықты дәрежеде қорланбауы тиіс» деп санайды.

Янукович бұл пікірлерін Ресей президенті Владимир Путин Киевтің ЕО-мен жақындасуының Ресей экономикасына тигізетін салдарына алаңдаушылық білдіргеннен кейін айтып отыр. Путин бұған қоса Брюссельді «қатқыл сөйлемеуге» шақырған.

Киев пен Украинаның басқа қалаларында үкіметтің ЕО-мен келісім жасауын талап еткен демонстрациялар әлі жалғасып жатыр.

 

http://www.azattyq.org