[:kz]
Келінді келін демесең, жақсы болса – өз қызың.
Күйеуді күйеу демесең, жақсы болса – өз ұлың.
Қазақ келіні келген шаңырағына шуақ шашқан нұрлы, құт әкелуші ырысты, қолынан өнер тамған шебер әйел болуы керек. Ел арасына кеңінен таралған:
«Салақ әйелдің үйінен сабақты ине табылмайды»,
«Олақ әйел оймақшыл»,
«Жібекті түте білмеген жүн етеді»,
«Олақтан салақ жаман»,
«Ана көрген тон пішер»,
«Қыз – еркем, кестесімен көркем», т.б мақалдар соны білдіреді.
Қысқасы, келіннің келуімен отбасында оның әсері сезілер болсын. Келіннің қолынан татқан тамақ, ішкен шай бапты, дәмді көрінсін. Үйдің іші де бұрынғыдан гөрі жинақы, ыдыс-аяқ та бұрынғыдан гөрі таза, төңірек те бұрынғыдан гөрі ретті болсын.
Келген-кеткен тамсана: «Келіні жақсы үйдің – керегесі алтын деген рас-ау», – десін!
Ал олай болуы үшін келін:
- биязы, иманды,
- ақ жарқын болуы керек,
- ерін тыңдап,
- ата-енесін құрметтеуі керек,
- келген қонақты жылы жүзбен қарсы алып,
- дәмді ас әзірлей білуі керек,
- туған-туысты сыйлап,
- кешірімшіл, кішіпейіл болуы керек,
- үй шаруасына пысық,
- қолынан өнер тамған шебер болуы керек.
Дайындаған: Балжан Нұрғалиқызы Қанапияева, ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог
http://anabol.kz/
[:]