АЛТЫНОРДА
Новости

ЖАҢА КІТАПТА ЖАҢАЛЫҚ КӨП

1b06fb554c1c098f57c60b3257695bb0«Мысль» журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадамның «Дао Алтая» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.
22 қазан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Көрме залында белгілі саясаттанушы, публицист, Қазақстан Журналистер академиясының және қазақ Пен-клубының мүшесі, «Мысль» журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадамның «Дао Алтая» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.
«Дао Алтая» — автордың үшінші кітабы (бұған дейін жарық көрген автордың «Служение нации» және «Казахская драма» кітаптары оқырман қауымға жақсы таныс). «Дао Алтая» тақырыптық жағынан алдыңғы екі кітабынан өзгеше. «Служении нации», «Казахская драма» кітаптары тақырыбы жағынан саяси сипатта болса, «Дао Алтая» — автордың ежелгі тарихқа саяхаты. Сейдахмет Құттықадам бұл еңбегінде зерттеушілік жанрды, яғни Бастапқы Білімнің және қазіргі өркениетке төніп тұрған қауіптің себеп-салдарын ашып көрсеткен.
Бұл орайда автор әлемдік және отандық тарих туралы өзінің ерекше болжамын жасайды. Қазіргі таңда әлемде көптеген ежелгі археологиялық артефактілер жинақталып қалды, оларға әлі күнге дейін қазіргі заманның тарих ғылымы тұрғысынан түсініктеме берілген жоқ. Сондықтан айналамызда НЛО және бейәлемдік сана көрініс табуда. Аталған мәселелер жаңа көзқарасты және оларды тарихи парадигма шеңберінде, логикалық, жүйелі тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Сейдахмет Құттықадам бұл күрделі сауалдарға өзінің жауабын ұсынады.
Бұл кітаптың  қазіргі кездегі өзектілігі — «Халық тарих толқынында» атты Елбасы ұсынған тарихи зерттеу бағдарламасымен, сондай-ақ ұлттық тарихты жаңғырту мәселесімен айқындала түседі. Тұсаукесер рәсімі ұлттық тарихты жаңғырту шараларының жоспарына енгізілген (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалық етуімен құрылған Ұлттық тарих мәселелерін зерделейтін ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстарында қабылданған шешімдерді жүзеге асыру аясында орындалады).

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/33051