АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Жанар Дұғалованың сүйіктісі кім? (фото)

bolashak.kzӨзі сұлу, өзі ақылды, бойындағы өнерімен өрге жүзген қазақтың қарапайым қызы Жанар Дұғалованың тыңдармандары мыңдап саналады. Былтырғы жылы «Turkvision-2014» халықаралық байқауында жеңімпаз атанған әнші қыз қазақ эстрасының ғана емес бүкіл түркі әлемінің нөмірі бірінші әртісі атағына ие болған еді. Жанардың таланты мен өнерге деген сүйіспеншілігі, табандылығы туралы кеңінен әңгіме қозғауға болады. Алайда «Алаш айнасы» бүгін Жанардың әншіліген бұрын, адами қасиеттері, оның ішкі сезімдері мен армандары туралы сырды оқырманмен бөлісуді жөн көрді.

Жанар «Turkvision-2014» байқауынан жеңіспен оралғаннан кейінгі бір ай уақытын түрлі БАҚ-тарға сұқбат беруге жұмсады. Байқауға дейін де қазақ шоу-бизнесінің жарық жұлдызы болған Жанардың шығармашылығы мен өмірі бүгінде талалйларды қызықтырады. Біз оқырман назарына Жанар жайлы жеті фактіні ұсынып отырмыз.

1. Жанардың өнердегі әріптестері, өзінің құрбы достары оның бойындағы ең керемет қасиет – қарапайымдылық екенін айтады. Өйткені Жанар өзін ешқашан «ән әлемінің ханшайымы» сезінген емес. «Мен «жұлдыз ауруы» дегенді түсінбеймін. Өйткені мен жұлдыз емеспін, әртістік менің мамандығым. Егер әнші өзіне-өзі риза болып, кеудесін кере бастаса, ол Майкл Джексон секілді аты аңызға айналған әншілерді тыңдап, сабасына түсу керек деп ойлаймын», дейді әнші. Жанардың өз шығармашылығына қатал сынмен қарайтынын продюсері де, өнердегі достары да жиі айтады. Естуімізше ол өзінің «Turkvision-2014» байқауында орындаған әнінің бейнежазбасын әлі көрмеген. «Жұрттың бәрі мақтауын асырып жатқан бейнежазбаны көрсем, өзімнің орындауыма көңілім толмауы мүмкін. Сондықтан біраз уақыт өтсін, кейінірек көрермін», дейді әнші.

2. Жанар Дұғалованың достары өте көп. Әдетте танымал, сұлу қыздардың достары аз болады деп жатады. Бірақ Жанардың Алматы, Павлодар, Мәскеу қалаларында достары өте көп екен. «Әнші қыздар бір-бірімен дос бола алмайды, тек бәсекелес болады дегенге мен келіспеймін. Менің өнер әлемінде бірге жүрген, жақсы араласатын достарым өте көп. Сондай-ақ шоу бинеске, музыкаға мүлде қатысы жоқ құрбыларым да жетерлік. Әрине, өнер адамдарының арасында қызғаныштың болатыны өтірік емес. Алайда мен өзіме ұнамайтын, олардың жанында өзімді жайсыз сезінетін адамдарға жақындамауға тырысамын. Меніңше дос болатын адамдардың жандары жақын болады деп ойлаймын. Яғни көзқарастары ұқсайды, талғамы бір-біріне сай келеді».


3. Жанар өлең жазады, ән шығарады. Музыны құлай сүйетін Жанардың әдебиетке деген қызығушылығы ерекше. Жанар бүгінде ерекше қабілетке ие қыз туралы роман жазып жатыр екен. «Романның жазылып жатқанына 3 жылдан асты. Алла бұйырса жақында аяқтаймын» дейді әнші. Жанар шағын әңгімелер мен романдар жазуды өзінің хоббиі санайды. Әнші өзінің әдебиет арқылы шабыттанатынын, тынығатынын айтады.

4 Жанар дүкен аралағанды, заманауи тілмен айтқанда «шопингті» ұнатпайтын адамдар қатарында. Әдетте нәзікжандылар жаны жабырқап, әлденеге ренжісе өздерін дүкен аралау арқылы тыныштандырып, «шопингтерапиямен» емдеп жатады. Алайда дүкен аралау Жанардың ең жек көретін ісі болып шықты. Әнші өзінің «Turkvision-2014» байқауында жүлдегер атанғаны үшін алған 20 000 доллар ақшалай жүлдесін шығармашылығына жұмсағанын, клип түсіргенін айтты.

5. Жанар көлікті өте ұқыпты жүргізеді. Құрбыларының айтуынша Жанар жылдамдықты ешқашан асырмайды, жол ережесіне өте жауапкершілікпен қарайды екен. Алайда әншінің бір кемшілігі, жолдарды еске сақтай алмауы. Қай қалада тұрса да, қаланың көшелері мен жолдарын жиі шатастыратын көрінеді.

6. Жанардың ішкі түйсігі, көкірек көзі, сезімталдық қасиеттері ерекше. Кейде әнші өзі ешқашан көрмеген, танымайтын адамдарымен алғаш кездескенде-ақ олар туралы біліп тұратын қасиеті бар екен. Айталық жаңа танысқан адамның қанша баласы бар, кейде кездескен адамдарының аты-жөні кім екенін де айтқызбай білетін көрінеді. Яғни, әншінің айтуынша бұл ешқандай да көріпкелдік емес, тек интуиция дейді ол.

7. Жанар жайында айтылғанда жұртты ең қызықтыратыны – Жанардың жеке өмірі. Өнер айдынының аққуы кімнің бақ құсына, жан жарына айналатыны қызықтырады көпшілікті. Алайда Жанар өзінің жеке өмірін құпия ұстайтын әншілердің санатынан. Жасы 28-дегі әнші ендігі жетер үлкен жетістігі жар құшып, бала сүю болса керек. Айтпақшы, Жанар өте балажан екен. Кемінде 2 баланың анасы болуды армандайтын әншінің сүйіктісі бар ма? Ұзынқұлақтан Жанар туралы естіген жұрт Жанар мен Әли Оқаповтың арасында махаббат сезімі бар екен деседі. Алайда бұл сыбыстың қаншалықты шындыққа жанасатынын біз біле алмадық. Ал Жанар болса өзінің сұқбаттарының бірінде: «Мен болашақ жарымның музыканы жақсы көретін адам болғанын қаласам да, әнші болғанын қаламас едім. Бірақ кім біледі, болашақ күйеуім әнші болуы да мүмкін ғой. Дегенмен өз басым жолдасым режиссер, жазушы секілді шығармашылық адамы болса екен деп армандаймын» деген еді әнші.

Автор: Айнұр Нұрсабет
Толығырақ: http://alashainasy.kz/culture/janar-dugalovanyin-suykts-km-foto-65236/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі