Астана. 29 қаңтар. Baq.kz – Ресейлік танымал жұлдыз Жанна Фрискеге ота Қазақстанда жасалуы мүмкін. Бұл жайында бүгін ОКҚ брифингі барысында «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ төрағасы Әлібек Кеннет мәлімдеді.
Оның айтуынша, әншінің әкесі Владимир Фриске қазақстандық мамандарға өзі хабарласып, көмек көрсетуін сұраған. Енді алдағы уақытта Астана дәрігерлері Жаннаға ота жасауы мүмкін.
Естеріңізге салайық, Осыдан бірнеше уақыт бұрын Ресейдің шоу-бизнес жұлдызы, танымал әнші Жанна Фриске қатерлі ісікке шалдығып, АҚШ ауруханаларының біріне жеткізілген болатын. Туыстары оның миында рак ауруы бар екенін әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке хабарлаған. Күні кеше әншінің өзі америкалық дәрігерлерге ота жасатудан бас тартқандығын хабарлаған болатын.
Нұрсерік Жолбарыс
http://baq.kz/kk/news/42822