АЛТЫНОРДА
Новости

Жапония: Солтүстік Корея тағы зымыран сынады

Жапония үкіметі 9 шілдеде Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай қысқа қашықтыққа арналған екі баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлады.

Жапония үкіметінің дерегінше, Солтүстік Кореяның оңтүстік-батысынан ұшырылған зымыран ешқандай зиян келтірмеген. «Скад» деп аталатын зымыран шамамен 500 километр қашықтыққа ұшады.

ИТАР-ТАСС-тың Пхеньяндағы тілшісінің Солтүстік Кореяның ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауына қарағанда, зымыранның ұшырылуына президент Ким Чен Ын қатысып, сынаққа көңілі толған.

Солтүстік Корея соңғы айларда зымырандарын сынауды жиілеткен.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140710/330/330.html?id=25451854