Астана. 28 наурыз. Baq.kz – Жапониялық Рикэн мемлекеттік зерттеу институты суперкомпьютер жасап шығаруға кірісіп кетті. Оның қуаттылығы «Кей» (әлемдегі ең қуатты электронды машиналардың бірі) компьютерінен 100 есе күшті.
Жобаны жүзеге асыру үшін 140 млрд иена (1,37 млрд доллар) бөлінеді. Ал, жұмысты соңына дейін аяқтау 2020 жылға жоспарланып отыр.
Атқарылатын негізгі жұмыстарды Рикэн университетінің мамандары жүргізеді. Дегенмен, кейбір мәселелерге қатысты шетелдік инвесторлар да жобаны жүзеге асыруға атсалыспақ.
Айта кету керек, «Кей» компьютерін де осы Рикэн университетінің ғалымдары жасаған болатын. Жаңа машина пайда болғаннан кейін де жапондық мамандар «Кей» компьютерінен бас тартпайтындықтарын айтты.
Суперкомпьютер бір секундта квинтильон есеп өндіре алады. Бүгінде әлемдегі ең қуатты компьютер Қытайдың ғылым және
техника қорғанысы университетінде. Ол «Тяньхе-2» деп аталады.
Жаңа электронды машина жасалып біткеннен кейін табиғи апаттардың алдын алуға және автомобиль өнеркәсібінде үлкен маңызға ие болады деп күтілуде.
http://baq.kz/kk/news/45168